Экономика • 29 Мамыр, 2023
Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының дерегінше, елімізде сақтандыру сыйлықақыларының ішкі жалпы өнімге (ІЖӨ) қатынасы орташа әлемдік деңгейден төрт есе төмен. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, сақтандыру компанияларының (СК) активтері 6,5%-ға, 2 200,9 млрд-қа дейін өсті. Бұған бағалы қағаздар (+3,0%), ақша мен салымдар (+22,4%) және қайта сақтандыру бойынша активтер (+33,1%) көлемінің ұлғаюы әсер етті.
Ғылым • 29 Мамыр, 2023
Ғалымдарды ғылыми жетістіктерді коммерцияландыру мәселесі біраздан бері толғандырып келеді. Ғалымдардың өнертабысы зертхана алаңдарында нәтижелі болғанымен, оны өндіріске енгізуде қиындық туындап жатады. Мұны реттеудің қандай жолдары бар? Тығырықтан қалай шығамыз? Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде өткен жиында осы сұрақтарға жауап ізделді.
Денсаулық • 29 Мамыр, 2023
Саланың «сай-сүйегі сырқырап тұр»
Ширек ғасырдан аса уақыт өткізіп барып қайтадан облыс мәртебесін алған Ұлытау облысының қай саласы болса да түйткілге толы. Соның ішінде денсаулық саласының жай-күйіне зер салғанда ұққанымыз, мұнда да мәселе көп. Сондықтан халық денсаулығын жақсартуда медициналық қызметтің деңгейін көтерудің маңызы зор болып тұр.
Тарих • 29 Мамыр, 2023
1917 жылы «Қазақ» және «Сарыарқа» басылымдарында Бүкілресейлік құрылтайда қазақтың мүддесін қорғауға лайық деп 43 адамның аты аталған хат жарияланады. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан есім-сойларын түгендеген, мемлекет негізін құратын кеңеске лайықтаған топта Сейдәзім де бар еді. Хат мәтінінде Сейдәзім Қадырбай есімі Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлынан кейін үшінші аталыпты. «Қыр баласы» айрықша сенім артқан Сейдәзім Қадырбайұлы кім? Алаш тарихнамасында тұлғаның алар орны қайсы? Өмір дерегі бізге нендей сыр шертеді?
Ғалым • 29 Мамыр, 2023
Миллиондаған қазақтың жоқтаушысы
ҚР ҰҒА құрметті мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, білікті ұстаз, Ашаршылық тақырыбының көрнекті зерттеушісі, марқұм Талас Омарбеков туралы өткен шақпен естелік мақала жазуға тура келіп тұр.