Алыс болашағымыз түгілі, бүгінгіміздің өзі бұлыңғырланған мына заманда қатер қайдан дейтін емес. Дуалы ауыз сарапшылардың айтуынша, таяу болашақтағы екі-үш жыл жаһандық экономика үшін ғана емес, сонымен бірге әлемдік саясат пен халықаралық жағдай үшін де аса қауіпті сын-қатерлерге толы болғалы тұр.
Қазақстан • 28 Мамыр, 2018
«Жас қанат-2018» байқауының жеңімпазы анықталды
Үміт толы жанар... Лүпіл қаққан жүрек... Қиял қанатында қалықтаған арман... «Жас қанат» байқауына қатысушы өнерпаздардың барлығын ортақтастыратын сезім бұл! Бес күн бойы бір қорқыныш, бір үміт, бір қуаныш, бір күдік жұдырықтай жүректерін тыным тапқызбай, мың мәрте толқытқан айтулы ән байқауы кеше өз мәресіне жетті. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен шын жүйрік анықталған салтанатты жиында Қазақ елі «Жас қанат-2018» жас орындаушылардың XXVІІ республикалық байқауының кезекті жеңімпазымен танысты.
Қазақстан • 28 Мамыр, 2018
Астанаға 20 жыл. Тарихи таңдау қалай басталған еді?
Тәуелсіздігіміздің төл тұғыры, Алаштың асқақ айбары ару Астананың төрткүл дүниені түгел таңдандырған тарихи құбылысқа айналғанына 20 жыл толғалы тұр. Астана бүгінде – жұмыр жерді толғандырған тақырыптар талқыланатын, салиқалы саясат, тұғырлы экономика, дінаралық келісім кеңестері өтетін жаһандық орталық. Елорда көркімен де, көлемімен де, көшбасшылығымен де төрткүл дүниені мойындатты. Ендеше ақиқат біреу – Астана орнықты, елорда еңселенді. Уақыт тарихи таңдаудың дұрыстығын паш етті. Ал күні кеше ғана алыс армандай сағымданған сол тарихи таңдау қалай басталған еді?
Жекпе-жек • 28 Мамыр, 2018
Елдос Сметов Гран-при жарысында топ жарды
Дзюдо спортынан Токиода өтетін жазғы Олимпия ойындарына лицензиялық іріктеу кезеңі басталды. Олимпиадаға ұпай беруші алғашқы турнир Қытайдың Хоххот қаласында өткен әлемдік Гран-при кезеңі болды. Дүбірлі додаға әлемнің 49 елінен 385 дзюдошы қатысқан. Байрақты бәсекеде ел намысын 13 дзюдошымыз қорғады.
Медицина • 28 Мамыр, 2018
Кепілдендірілген көмектің жаңартылған үлгісі
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің (ТМККК) жаңартылған үлгісі таныстырылды. ТМККК пакеті Елбасының биылғы Жолдауында берген тапсырмасы бойынша оңтайландырылып жатыр.