Қазақстан • 28 Мамыр, 2018
Денис Тен спорттық киімін экспозицияға тапсырды
Астанадағы Елбасы кітапханасында еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы спорт тарихы мен отандық спортшылардың әлемдік аренадағы жеңістерінің символы қойылған «Қазақстанның олимпиадалық қозғалысы» тұрақты экспозициясының ашылу салтанаты өтті.
Медицина • 28 Мамыр, 2018
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру – аса маңызды міндет. Әсіресе қазіргі Қазақстан қоғамы білім берудің жаңа міндеттерін сапалы атқаратын, шығармашыл жұмыс жасауға қабілетті мұғалімдерге мұқтаж.
Тарих • 28 Мамыр, 2018
Қазақ баспасөзі: өткені, бүгіні және болашағы
Баспасөз, радио және интернет журналистика саласында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі тағайындаған «Үркер» сыйлығы биыл «Қазақ» газетінің мерейтойына арналып отыр. Осынау тарихи басылымның жарық көргеніне биыл 105 жыл толды. Алғашқы қазақ газеттері одан ертерек шыққанымен, ол ұлттық кәсіби баспасөздің негізін қалыптастырған басылым еді. Бұл туралы Елбасы Н.Назарбаев «Тарих толқынында» кітабында «1913 жылдан бастап Қазақстандағы азаттық қозғалысының «Қазақ» газетінің қызметіне байланысты жаңа кезеңі басталды... «Қазақ» қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятуға аз үлес қосқан жоқ, өз дәуірінің көкейкесті мәселелерін көтерді, ағартушылық идеяларын насихаттады, қозғалыстың және болашақ «Алаш» партиясының баспа органы болды» деп жазды.
Әлем • 28 Мамыр, 2018
Бүгінде жаһанды алаңдатқан күрмеуі қиын проблемалардың басында Таяу Шығыстағы ауқымды соғыс ошағына айналған Сирия түйткілі тұр. Шам еліндегі жеті жылдан асқан лаңда 353 935 адам соғыс өртіне шарпылып, ажал құшты. Оның 20 мыңы әлі оң-солын танымаған жас балалар болса, 106 мыңы бейбіт тұрғындар. Бұл туралы жуырда France Press ақпарат агенттігі Сирияның адам құқықтарын сақтау мониторингі орталығына сілтеме жасай отырып хабарлады.
Әлем • 28 Мамыр, 2018
Басқа басылымдардан. АҚШ президенті Солтүстік Корея басшысымен кездесуден бас тартты