Руханият • 01 Мамыр, 2019
Бас басылымның басшылығында болғанымды бедел санаймын
Саналы өмірінің, шығармашылық ғұмырының мәуесі мол ең жемісті шағын елдің басты басылымына сарп етіп, жүрегінің нәрін, жүйкесінің сөлін сығып берген жанның бірі менмін. Табаны күректей он жеті жыл бір басшысы болып, сонау сөз бостандығы бұғалықталып, еркін ойға шідер салынған тұста тілі қасаңсып, үні бәсеңсіп, пәрмені пәс тарта бастаған газетті таптаурын тұйықтан ағытып, тың өрістерге шығаруға шама-шарқымша атсалыстым.
Мажарстанның Қазақстандағы Елшісі дипломатиялық миссиясын аяқтады
Бұл тралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 01 Мамыр, 2019
Өткен дүйсенбіде, яғни 29 сәуір күні Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оған Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Алқалы жиында ел бірлігінің маңыздылығы, бүгінде қол жеткізген жетістіктеріміз қоғамдық келісімнің, татулықтың, этносаралық ауызбіршіліктің арқасында жүзеге асырылғаны атап көрсетілді.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2019
Ақ Жайықтық ару аналар жастармен кездесті
«Nur Otan» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында еңбек ардагері, көп балалы ана, «Ару аналар» ансамблінің жетекшісі Клара Саржановамен кездесті.
Қоғам • 01 Мамыр, 2019
Жыл сайын 9 мамырда Жеңіс күні атап өтіледі... Бұл мереке ме, әлде майданда құрбан болған миллиондарды еске алып, аза тұтатын күн бе? Не десек те, Жеңіс күні – екіұдай сезімге қалдырады. Көзкөргендер Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мүгедек майдангерлер, жетім балалар, жесір аналардың тым көбейіп кеткенін күрсініп еске алып отырушы еді.