Қазақстан • 01 Мамыр, 2019
Қ.Газибеков: Бірлік – береке бастауы
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақты тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің мерекесі.
Қазақстан • 01 Мамыр, 2019
Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады
Қазақстан халқы Ассамблеясы барша жұртты Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтайды.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2019
В.Тварионас: Тағдырдың бізге берген үлкен сыйы
Қарағанды облысы сынды еліміздің экономикалық және саяси тірегі саналатын құтты өңірде 100-ден астам этнос өкілі тату-тәтті тұрады. Әлбетте осынша ұлт пен ұлыс баласының қарым-қатынасын айрандай ұйытып отырған ұйым Қазақстан халқы Ассамблеясы деп нық сеніммен айтуға болады.
Руханият • 01 Мамыр, 2019
Егемендіктің елең-алаңынан-ақ жас мемлекеттің сыртқы саясатын салиқалы сипатта қалыптастыруға ерекше еңбек еткен, әлемдік деңгейдегі дара дипломат ретінде мойындалып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары биігіне дейін көтерілген Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның халықаралық аренадағы абыройлы орнын одан әрі орнықтыра түсетіндігі талассыз. Солай болатындығын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен айқындалған сыртқы саясаттың сабақтастығы сақталатындығын Қ.К.Тоқаевтың осы бағыттағы бастапқы қадамдары да қуаттап отыр.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2019
Партияның көшпелі отырысы тұрғын үй құрылысы алаңында өтті
«Nur Otan» партиясының облыстық филиалы Елбасының бес бастамасының жүзеге асырылуын бақылайтын қоғамдық кеңестің көшпелі мәжілісін «БК-Строй» құрылыс компаниясының құрылыс алаңында өткізді. Онда партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жаңабай Бисембаев, Ұлттық банктың Қостанай облыстық филиалы қаржы-бақылау ұйымының бастығы Әсет Қуанышбаев, Облыстық құрылыс, архитектура және қалақұрылысы басқармасының, «БК-Строй» құрылыс компаниясының өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары қатысты.