Әлем • 30 Мамыр, 2017
Дулат Исабековтің шығармалар жинағы Мәскеуде таныстырылды
Мәскеуде жазушы, драматург Дулат Исбековтің төрт томдық таңдаулы шығармалар жинағының тұсаукесеріне арналған шығармашылық кеші өтті, деп хабарлады «ҚазАқпарат».
Аймақтар • 30 Мамыр, 2017
«Теңіз» кенішіндегі индустриялық аумақта сағатына 200 текше метр бетон шығаратын зауыт іске қосылды.
«Ақсақ құланды» жапондар өте жақсы көреді»
Мен Такахаши Наокимен алғаш 2006 жылы кездестім. Алматыдағы Қазақстан-Жапония адам ресурстарын дамыту орталығында кимоно киген жапон жігіті домбырамен қазақтың дәстүрлі әндерін шырқаған сәтті Жапониядан келген қонақтармен бірге тамашалаған едік. Содан танысып, достаса келе, ол маған дәстүрлі әнші Нұржан Жанпейісовтен ән үйреніп жүргенін, қазақтың байырғы музыка өнерін зерттеп, Жапонияға таныту мақсаты бар екенін айтты. Қазақ өнеріне жан дүниесімен берілген Такахаши Наоки 2007 жылы Дәнеш Рақышев атындағы байқауда 1-орынды иеленді. Жуырда жапон әншісімен жүздесіп, сұхбаттасудың сәті түскен еді.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2017
Қайран Ахаңның да «Қош, сау бол, Қарқаралы, жуылмаған, Айдай бер қалса адамың қуылмаған. Әдепті, сыпайы елдің қалпында жоқ, Жасырын дыбыс шықты шуылдаған» деген жолдарын Лермонтовтың «Прощай, немытая Россия» деген сөзімен байланыстырып, сол ғасырдың өзінде қазақ ағартушыларының қандай биіктен үн қатқандығын, ол кезеңдердегі Қарқаралы қаласының қаншалықты саяси маңызға ие орын болғандығын есімізге әдейі қайта оралтып отырмыз.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2017
Қызылорда облысының әкімі Швеция және Финляндияның елшілерімен кездесті
Қызылорда облысына Швеция Корольдігінің ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Кристиан Камилл және Финляндия Республикасының ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Илкка Райсанен жұмыс сапарымен келді. Елшілер аймақтағы бірқатар өндірістік нысандарды аралап, Қызылорда қаласының сол жақ жағалау құрылысы жобасымен танысып, аймақ басшысымен кездесті.