Білім • 31 Мамыр, 2025
Түркістан өңіріндегі колледжерде 9 жаңа мамандық ашылды
«Жұмысшы мамандықтар жылына» орай Түркістан өңіріндегі колледжерде 9 жаңа мамандық ашылды. Жүк көтергіш машиналар мен транспортерлер, пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу, жаңартылған энергетика, жемістер мен көкөністерді сақтау және қайта өңдеу, стамотология, фармация сынды жаңа мамандықтарға лицензиялар алынған, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 31 Мамыр, 2025
Алматыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсіміне қатысып, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қоғам • 31 Мамыр, 2025
Өскеменде ерекше балаларға арналған әлеуметтік орталық ашылды
Ерекше балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін «DEMEY» Ресурстық орталығының салтанатты ашылуы болды. Оған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 31 Мамыр, 2025
Қазақ музыкатанушылары жайлы еңбектер жарыққа шықты
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен қазақ музыкатануының көрнекті өкілдеріне арналған жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Шаруашылық • 31 Мамыр, 2025
Шегірткеге қарсы күрес шаралары 844 мың гектар аумақта жүргізілді
31 мамырдағы жедел деректерге сәйкес, Қазақстан аумағында үйірлі шегіртке зиянкестерінің бар-жоғын анықтау мақсатында 5,6 млн гектар ауыл шаруашылығы жері зерттелді. Оның ішінде 844 мың гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.