Аймақтар • 02 Мамыр, 2017
Уақыт көші сырғыған сайын қатары сиреп бара жатқан ардагер қарттарды құрметтеудің қадірі арта бермек. От пен оқтың ортасына түсіп Отан қорғаған ардагерлердің ерен ерлігін қалай дәріптесек те, оларға қандай құрмет көрсетсек те жарасады.
Бокс • 02 Мамыр, 2017
Бес боксшымыз Азия чемпионатының ширек финалына шықты
Қазақстандық бес боксшы Өзбекстанда өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Медицина • 02 Мамыр, 2017
Бауырына бауырын бөліп бергендер
Тасбауырлар кімдер? Жан баласына бауыр баспайтын, кісікиік адамдар ма? Баласынан безінген тасбауыр әке, құрсағын кеңіткен шақалағынан жерінген тасбауыр ана, ер жеткізіп, адам қатарына қосқан ата-анадан безген тасбауыр бала, дүниедегі ең қымбат туғандарынан алыстап, суысқан тасбауырлар көбейіп келе жатқан заманда еліміздің әр түкпірінен ай емес, күн, сағат санап екі дүниенің ортасында жатқан жақындарына бауырларын қақ бөліп берген 40 донор мен 40 реципиент бас қосады деген хабар жеткенде Алматыдағы бүкіл БАҚ өкілдері тайлы-таяғы қалмай жиналғаны рас. Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай Алматыдағы «Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының» ұйымдастыруымен Қазақстанда тұңғыш рет ағзасының бөлігін өз еркімен сыйлап, адамның өмірін ұзартуға баға жетпес үлес қосқан донорларды марапаттау рәсімі өтті. Онда 2011-2016 жылдары бауырын берген донорларға орталық мамандары әзірлеген «Бауырымды – бауырыма сыйлаймын» естелік медалі табыс етіліп, ерекше құрмет көрсетілді.
Медицина • 02 Мамыр, 2017
Елбасымыздың ел газеті − «Егеменде» жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын мақаласының қоғамда, әсіресе, зиялы қауым өкілдері арасында зор серпіліс туғызды. Өйткені, Мемлекет басшысы қозғаған мәселелер өте салмақты, терең мағыналы.
Медицина • 02 Мамыр, 2017
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында халқымыздың ұлттық санасына егжей-тегжейлі талдау жасап, қазіргі заманның сын-қатерлерін ескере отырып, оны әрі қарай жетілдірудің нақты жолдарын көрсетті.