Қазақстан • 30 Мамыр, 2022
Әрине, «қиын» деп қысқа қайыруға да болар еді. Оның қиын екенін ешкімге дәлелдеудің де қажеті бола қоймас. Қоғам, халық оны жақсы түсінеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауын: «Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, маңызы да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге жаңа Қазақстанды құруға кірістік», деген сөздермен бастап, мемлекетімізге түбегейлі өзгерістер мезгілі жеткеніне екпін берді.
Әдебиет • 30 Мамыр, 2022
«Патагония аруын» өлтірген аңыз ба, әпсана ма?
Сіз Патагония аралының қайда екенін білесіз бе? Жалпы, Жер бетінде мұндай мекеннің барын естіп пе едіңіз? Бәлки, сол қысы желді, жазы ызғарлы Патагониядан табылған мумия-қыз туралы аңызды оқыған боларсыз. Бүгінде АҚШ-та тұратын жазушы Лира Қоныстың соңғы шыққан әңгімесі «Патагония аруы» деп аталады. 2000 жылдары «Мәңгілік сағыныш», «Құлпынай қосылған балмұздақ» атты кітаптарымен жарқ ете қалған Лира біршама уақыт бойы жазуда із-түссіз кетті. Ал кейінгі жылдары көркем аудармаларымен көзге түсіп жүр. Жазуын сағынған көп оқырман автордың шалғайдан жолдаған жаңа дүниесі шыға қалса, іле-шала оқуға асығады. Біз де сөйттік.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2022
«Ленині бар» Қызбелдің мектебі
Ғасырмен құрдас мектебімнің тойына ойша жиналғалы, жүрек тулап, ойлар орамданып, көңіл көк теңізше дөңбекшиді. «Барам, барам!» деген іңкәрлік сезім індетіп, сол құмардан шығарар аласұрған ынтықтық өн бойымды балбыратып, тағатсыздандырады. Сонадайдан Қызбелдің сағымданған алапес шыңдары көзіме шалынғанда қайтер едім? Қыземшектің көтеріңкі сыңар төсі көз қиығыма іліккенде, «әттеген-ай»- дан бетті басқандай болып түңілермін.
Қазақстан • 30 Мамыр, 2022
Қазақстанның батыс аймағында миллиондаған гектар жер Капустин Яр сынақ полигонына беріліп, Нарын құмындағы елдің еріксіз көшірілгеніне биыл 70 жыл толады. Оралдық тарихшы Бақтылы Боранбаеваның жақында ғана баспадан жарық көрген «Капустин Яр» әскери полигоны: Қазақ депортациясы» кітабы осы бір қасіретті оқиғаға арналған.
Экология • 30 Мамыр, 2022
Шортанды – су теңгерімі бойынша зерттеу нысаны
Жер жаннаты – Бурабайдың көркем де келісті, айшықты да ажарлы келбетіне айрықша әсем шуақ дарытып, сұлулығын үстейтін, тостағанға құйғандай толықсып жатқан күміс көлдері екені даусыз. Бір әттеген-айы, тамаша табиғатты уақытында аялай білмейтініміздің, бардың бағасын байыптай алмайтынымыздың кесірінен Шортанды мен Айнакөл тәрізді әлденеше айдындардың су қоры жыл өткен сайын азайып келеді.