Қазақстан • 04 Мамыр, 2017
ЭКСПО-ның ашылуын LED-экрандардан тамашалаймыз
Астана әкімдігінде Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Болат Мажағұлов баспасөз мәслихатын өткізіп, елорда күні мен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі барысында ұйымдастырылатын мәдени шаралар легін әңгімеледі. Оның айтуынша, көрме кезіндегі мәдени бағдарламалар мен концерттердің 70 пайызы барша азаматтарға қолжетімді болады және негізінен қаланың түрлі аудандарында ашық алаңдарда, саябақтарда, сондай-ақ, қала маңындағы тұрғын алаптарда өтеді. Ал көрменің ашылу салтанаты «AstanaArtFest» фестивалі кезінде «Бәйтерек» монументінің алдындағы LED-дисплейлер арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.
Парламент • 04 Мамыр, 2017
Міндетті сақтандыру мәселесі қаралды
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен палатаның жалпы отырысы өтті. Онда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы" бірінші оқылымда мақұлданды.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2017
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына орай Астана қаласының тұрғыны Аятбек Тоқымбековтен қолдау білдірген хат келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2017
Әскери шеру патриоттық сезімді оятады
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай 7 мамыр күні Астанада ауқымды деңгейде әскери шеру өтеді. №10216 әскери бөліміне қарасты әуе қорғанысы күштерінде аға жүргізуші-оператор болып қызмет ететін ефрейтор Нұрлыбек Әбуов − сол маңызды іс-шараға қатысушылардың бірі.
Тарлан тарихымыз бен түйсік-санамыздың терең қатпарларында қалған жұмбақтарды аша түсетін құнды еңбегінде Рашид-ад-дин жан-жағы қамал сынды заңғар таулармен қоршалған Жерұйық мекен – Ергенеқоннан түскен Бөрте-чино жайында баяндайды. Оның «Уа, қасиетті көк бөрінің оғландары, ата жұртымызды қайтарып алайық» деген сөзінен кейін жауынгер жұрт тауды балқытып, жол салып, туған жеріне оралды дейді аңыз.