Бизнес • 04 Мамыр, 2017
Ауыл шаруашылығы – мемлекеттің драйвері
Қарағанды облысы бойынша жақсы дамыған, басқаларға үлгі болатындай шаруашылықтар баршылық. Дегенмен, соңғы жылдары қарағандылық ауылшаруашылық тауарын өндірушілер көктем шығысымен Нұрада жиналуды дәстүрге айналдырған. Бұл жұмыстарды сапалы ұйымдастыруда аудан әкімі Ниқанбай Омархановтың басшылық қабілетін айта кеткен жөн.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2017
Маңғыстаудың инвестициялық мүмкіндігі мол
Өңірде өндіріс және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм, құрылыс және өзге де салалар бойынша инвестициялық қызығушылық тудыратын мүмкіндік мол. Істің тетігін, яғни жасалар жұмыс пен жасайтын тарапты тауып, үйлестіре алса, халық игілігіне қызмет етер талай жобалар жолға түсетіні анық.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2017
Хұсайынмен жетпісінші жылдары қатар оқыдық. Біз ҚазМУ-де, ол АШИ-де. Қазақшасы біздің журналистикаға жақындау. Аңқылдаған ақкөңіл, достық жүрегі көл-дария. Оқуға жаңа түскендіктен, ауылымызды айта береміз. Хұсайын Савазов осындайда дүнген екендігін көрсетті.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2017
Мен өзім осындай бірлік, бейбітшілік орнаған еліммен мақтанамын. Этностардың достастығы, халықтың бірлігі − еліміздің үлкен табысы. Достықты, туысқандықты ту етіп ұстағандықтан да Қазақстан халқы көпэтносты мемлекеттің мығымдығының үйренерлік үлгісі болып отыр.
Жасың ұлғайып, көңіл көкжиегің кеңіп, сарсылған санаң сарғайған сайын балалық шағың еске көбірек түсе бастайды екен. Сол кезде көрген жақсы адамдар мен олардың жөн-жосықты істері, болған оқиғалар жадыңда жаңғырып, еске қайта-қайта түсе береді. Ал есейген шақта көрген оқиғалар, қызмет істеген жылдар, аралас-құраласқан адамдар сағымдай бұлдырап, балалық шағыңдағыдай анық емес, көбісі ұмытылып, тұтас оқиғалар емес, бұлдыр-бұлдыр бір елестер күйінде ғана қалады екен. Бұл адам жадының балалық шақта мықты болып, көрген-білгендері санасына сартап болып сақталып, одан кейін әлсірей беретіндігінің әсерінен шығар. Оның үстіне ақыл-есің толған шақта бастан кешкен оқиғалар да көбейіп, оларды есте сақтауға құлқың да кеми беретін болса керек.