Жасанды интеллект • 30 Мамыр, 2025
Жасанды интеллект – жаңа мүмкіндік
Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірлеген «AI-Sana» жасанды интеллект курсында 600 мыңнан астам студентті оқыту жоспарланған. Жыл басынан бері ЖИ негіздерін үйрету үшін 35 мыңға жуық студент қамтылды. Ведомство ұлттық стратегиялық курс аясында жасанды интеллектінің бар мүмкіндігін үйрете отырып, студенттерді болашақтың «unicorn» компаниялары межесіне жеткізуді көздеп отыр.
Жансарай • 30 Мамыр, 2025
Қалиолла АХМЕТЖАН, суретші, этнограф-ғалым: Өнерде әлі еуроцентристік көзқарас басым
Бүгінгі кейіпкерімді сыртынан ғана білетінмін. Бұрын сөйлесіп көрген емеспін. Алайда шығармашылығымен жақын таныспын. Елімізге белгілі қылқалам шебері. Білікті этнограф. Сондай-ақ көне қару-жарақтарды зерттеген ғалым. Сондықтан бұл кездесу қалай болады деп аздап қобалжыдым. Бірақ оным бекер екен. Қалиолла аға өте қарапайым. Сыпайы. Біртоға. Екеуміздің әңгімеміз бірден жарасты. Ақ параққа түскен сол әңгімені оқырманға ұсынып отырмын.
Digital • 30 Мамыр, 2025
«Apple» құпияңыздың бәрін біледі
Кейінгі жылдары адамдар арасында «телефон бізді тыңдайды» деген пікір кең тарап жүр. Оған себеп те жоқ емес. Өйткені көпшілік телефоннан өзара әңгімелескен тақырыбына қатысты жарнамаларды жиі көретін болған. Бәлкім сізге де осы жағдай таныс болар. Бұрын бұл жай күдік болса, енді негізі бар шындық екені анықталып отыр. «Apple» компаниясы құрылғылары арқылы қолданушылардың жеке әңгімелерін жасырын тыңдағаны үшін 95 миллион доллар өтемақы төлеуге келіскен. Алайда компания өтемақы төлеуге келіссе де, айыпты мойындаған жоқ.
Шахмат • 30 Мамыр, 2025
Шахмат федерациясы өткен жыл үздіктерін анықтап, сондай-ақ биылғы бес айда жоғары нәтиже көрсеткен саңлақтарды марапаттау рәсімін өткізді. Ел спортының тарихында ерлер арасында «Ең жас гроссмейстер», «Жыл үміті», «Үздік жаттықтырушы» сынды бірнеше аталым бойынша озық шыққан талантты шахматшылар құрметке кенелді.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2025
Баянауылдың інжу-маржанына айналған «Жасыбай» демалыс аймағында жазғы маусым алдында даулы мәселе туындап отыр. Ұлттық парк басшылығы көл жағалауындағы жағдайды реттемек оймен бірнеше кәсіпкерлік нысанын бұзып, алдырып тастаған. Жағажайды жалға алып отырған Баянауыл ауданының әкімдігі бұл әрекет туристік аймақтағы кәсіпкерлерге кедергі тудырып отырғанын айтады.