Форум • 30 Мамыр, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Экономикалық өсім игілігі әр азаматқа әділ бөлінуге тиіс
Экономика, энергетика, геосаяси байланыс, халықаралық сауда, технология, мемлекетаралық қатынастар бағытында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды көздеген Астана халықаралық форумы (АХФ) өз жұмысын бастады. Форумға әлемнің бірқатар елі мен жетекші халықаралық ұйымдар атынан 160-тан астам спикер қатысып жатыр. Олар екі күн бойы мемлекетаралық қарым-қатынас моделін, жаңа жаһандық әріптестік құрудың келешегін қарастырады. Форумды ашқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынның әлемде белгісіздік белең алған кезеңде өтіп отырғанын, мұндай сын сағатта лайықты жауап бере білудің маңызды екенін айтты. Президент форум аясында жаһандық экономика, өңірлік ынтымақтастық және халықаралық күн тәртібіндегі басқа да мәселелер жөнінде нәтижелі пікір алмасудан үмітті екенін жеткізді.
Жоба • 30 Мамыр, 2025
Үш ауысымда оқу, жай-күйі апаттық жағдайдағы мектептер өкінішке орай, өңірімізде бар мәселе. Президенттің «Келешек мектептері» ұлттық жобасы осы бір жетіспеушіліктің орнын толтырып, білім сапасын оңалтады.
Білім • 30 Мамыр, 2025
Шағангүл Алдамжарқызы. Осынау есім-сойы ерекше жан саналы ғұмырында халқына қалтқысыз қызмет етіп келеді. Әсіресе білім саласының білікті маманы екені баршаға мәлім.
Digital • 30 Мамыр, 2025
Бүгінде биотехнология – тек медицина саласының емес, тұтас адамзаттың болашағын анықтайтын стратегиялық бағытқа айналды. Осы салада отандық «Arlan Biotech» стартапы маңызды жетістік ретінде бағаланып отыр. Стартаптың негізін қалаған Болат Сұлтанқұлов – «COVID-19» пандемиясы кезінде наноденелерге негізделген диагностикалық тест әзірлеген ғалым. Қазір ол биотехнология мен жасанды интеллектіні біріктіре отырып, ауруларды ерте анықтап, емдеуді жеделдететін платформа жасап жатыр.
Digital • 30 Мамыр, 2025
«eGov Mobile» қосымшасында үй жануарына арналған цифрлық паспорт қызметі іске қосылды. Бұл құжат үй жануарларын есепке алу Бірыңғай деректер базасымен байланысты жұмыс істейді.