Қазақстан • 05 Мамыр, 2017
Әскері әлеуетті елдің ұйқысы тыныш
Еліміз өз Тәуелсіздігін алған алғашқы күннен бастап мемлекеттің қорғанысын қамтамасыз ету Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдына қойған алғашқы мақсаттарының бірі болды. 1992 жылдың мамыр айында Президенттің Қазақстан Қарулы Күштерін құру туралы Жарлығы шығып, соны іске асыруға барлық әскери қызметкерлер қызу кірісіп кеттік. Алғашқы бес жылда өте қиын болды, елдің экономикасы да дағдарысқа түсіп, ақша күннен-күнге құнсызданып жатқан жағдайда қорғанысты қамтамасыз ету оңай болған жоқ. Әскери кадрлар да жетіспеді. Кеңес Одағынан қалған әскери техникалар ескі, оларға құятын жанармай жоқ, жөндеп, сапқа қоятын қосалқы бөлшектер, қару-жарақ жетіспейді, сатып алуға қаражат жоқ. КСРО-ның басқа өңірлерінде жүріп, Тәуелсіз еліміздің шақыруы бойынша келген қазақстандық әскери кадрларды қоныстандыру, жаңа жұмыстарға орналастыру – осының бәрі-бәрі кейінге қалдырылмай шешуге тура келген проблемалар болғандықтан, үлкен қиындықтармен еңсеріліп жатты.
Әлем • 05 Мамыр, 2017
БҰҰ басшысы Астанада Сирия мәселесіне қатысты қабылданған келісімді қолдады
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бейсенбі күні Астанада қол жеткізілген Сирияда деэскалация аймағын құру туралы уағдаластықты қолдады және ол ел тұрғындарының жағдайын жақсарту үшін маңызды деп санайды.
Медицина • 05 Мамыр, 2017
С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттауға орай ақпараттық шара өткізді.
Медицина • 05 Мамыр, 2017
Жомарттарға қозғау салатын бастама
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы әрбір қазақстандықтың жүрегіне жол тапқандай.
Медицина • 05 Мамыр, 2017
Жаңғыру ұлттық кодты сақтаудан басталады
Ой түбінде жатқан сөз толқығанда шығады. Осыдан сәл аз уақыт бұрын Елбасы «Ұлы Дала ұлағаттары» деген мақаласында туған жер, ана тілі жайлы толғанып, оның өткеніне тоқталып, болашағын бағамдағаны белгілі. Оқып, сүйсінген едік. Өкінішке қарай, ондағы орамды ойлар мен терең толғаныстарды қалың жұртшылыққа жеткізіп, елдің рухын көтеріп, рухани болмысын жаңғыртуға келгенде еліміздің бас газеті – «Егемен Қазақстан» болмаса, басқа бұқаралық ақпарат құралдары бір-екі хабармен шектеледі. Өкінішті...