Бокс • 04 Мамыр, 2018
Головкин-Мартиросян жекпе-жегінен не күтеміз?
Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен америкалық боксшы Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) 5 мамыр (Астана уақытымен 6 мамыр) күні АҚШ-тың Калифорния штатындағы Карсон қаласында орналасқан StubHub Center аренасында жекпе-жек өткізеді.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2018
Бір жағы Қытай, бір шеті Ресей, бір тарабы Моңғолиямен шектесіп жатқан еліміздің Шығыс Қазақстан өңірінің шебін қорғауда Қорғаныс министрлігіне қарасты «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы маңызды рөл атқарып келеді. Бұл ретте аталған қолбасшылыққа бағынатын Өскемендегі Ахмер кентінде орналасқан 27943 әскери бөлімін ерекше атап өтуге болады. Бүгінде бұл бөлімде мыңға жуық сарбаз бен 200-ден астам офицер мемлекет іргесінің бүтіндігі мен тұтастығын қорғау жолында аянбай еңбек етуде.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2018
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жақында қазақ тіліне аударылған 18 оқулықтың тұсаукесері өткені белгілі. Осы жаңа оқулықтар төңірегінде С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Батталовпен әңгімелескен едік.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2018
Рабиға Сыздық: Латын әліпбиін үйрену қиын болмайды
Ел біржолата жаңа әліпби туралы ойға көшті. Енді «көшті жүре түзеуді» емле арқылы ретке келтіреміз. Осы орайда өткенімізге көз салып, кирилл әліпбиін қалай қабылдап едік деген сұраулы оймен қазақ орфография тарихының куәгері, абыз-ғалым, 60-жылдардан бері «Емле анықтағышымен» жазуымызға бағыт беріп келе жатқан академик Рабиға Ғалиқызы Сыздықпен әңгімелескен едік.
Медицина • 04 Мамыр, 2018
Ғылыми-ағартушылық бағыттағы жаңа жоба әзірленеді
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде министр Дархан Кәлетаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында берген тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды.