Оқиға • 30 Мамыр, 2024
Киотодан келген келін немесе Ханоко құдаша, «Тулаған теңіз» биі, жапон болмысы хақында үзік сыр
Иә, иә... еш жаңсақтығы жоқ, келінді Киотодан түсірдік емес пе? Кәдімгі Жапонияның байырғы астанасы, императорлар шаһары атанған Киотоның дәл өзінен. Қазақ пен жапон құда болды. Бәлкім, бірінші де емес шығармыз... бірақ солай енді, Болат бауырымыздың Рұсланы Айоко келінді тура Америкада бірге оқып жүрген жерінен Алматыға «алып қашып» келді... Ақиқатында, екі жас өзара келісіп, оқуларын тәмамдап алып, шаңырақ көтерді. «Апыр-ай, жапондар қызын сыртқа шығармайды екен, өзіміз сияқты қыздарының жат жерге барғанын ұнатпайды екен» деген бар еді. Оның үстіне анау-мынау емес, келін жапондардың ұлт санатында ата-тегі түзілген киелі өңір Киотодан дегенде, несін айтасыз, ойланып та қалған жайымыз бар-ды.
Абай • 30 Мамыр, 2024
Жақында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қазан федералды университеті арасындағы келісім аясында аталған оқу орнының Филология және мәдениетаралық коммуникация институтында «Абай атындағы қазақ тілі мен мәдениеті орталығы» ашылды.
Спорт • 30 Мамыр, 2024
Асық атудан жеткіншектер арасында ел чемпионаты өтеді
Республикалық Асық ату федерациясы 31 мамыр - 3 маусым аралығында Астана қаласында асық ату спортынан 2014-2016 жылдары туған балалар (ұлдар, қыздар) арасында жекелей-командалық Қазақстан чемпионатын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Мамыр, 2024
Алматыда Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлері кездесті
Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына келген ресейлік әріптесімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 30 Мамыр, 2024
Астанада жас педагогтер слеті өтті
Елордадағы № 43 қосымша білім беру мектеп-орталығында жас педагогтер слеті өтті. Астананың тәжірибелі педагогтері жас әріптестеріне білім беру тренингтерін, TEDx жобасын және ұлттық спорт ойындарын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.