Аймақтар • 30 Мамыр, 2023
Жастардың студенттік шағын қызықты, мазмұнды да мағыналы өткізу – Ақтаудағы Есенов университетінің басты ұстанымдарының бірі. Бұған дейін де жаңашыл бастамаларымен қуантып келген оқу ордасында тағы бір тың бастама қолға алынды. Ол – осы жылдың 24 мамыры мен 24 маусым аралығында өтетін жоғары оқу орындары студенттері арасындағы ХІІ жазғы универсиада.
Университет • 30 Мамыр, 2023
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі Түлектер күні өтті. Салтанатты жиын «Мәңгілік ел» қақпасынан басталып, әр жылғы түлектер ғұлама ғалымның ескерткішіне гүл шоқтарын қою шарасымен жалғасын тапты.
Өнер • 30 Мамыр, 2023
1961 жылы Перу және АҚШ әншісі Има Сумак кеңес одағын аралау кезінде Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі Нұрсұлу Тапаловамен танысады. Има Сумактың анасы инк тайпасының соңғы императоры – Атауальпының ұрпағы екен. Үндінің көмейден күмбірлеп шығатын қоңыр дауысын Еуропаның классикалық музыка стиліне салған әнші Нұрсұлу Тапалованы Перу елінің ән-биін үйреніп қайтуға шақырады. Алайда сол уақыттағы АҚШ пен кеңес одағының арасындағы сәл-пәл жылымыққа қарамастан, Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті «халық жауының» қызы болғаны үшін Нұрсұлу Елубайқызына шетелге шығуға рұқсат етпейді. Бұл көпке мәлім болмаған деректі Нұрсұлу Тапалованың 100 жылдығына арналған «Би биігіндегі ғұмыр» атты Ақтөбеде өткен конференцияда бишінің қызы Тоты Шоқырқызы ортаға салды. Шетелге шығуға тыйым салынғанына биші аса қамықпай, «Мен үшін өнерімді халқымның бағалағаны маңыздырақ», деген екен қыздарына.
Театр • 30 Мамыр, 2023
Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театры биылғы маусымдағы соңғы премьерасын ұсынды. Жергілікті көрермен керекулік театрдан көптен бері бұлайша күлкіге қарық болып қайтпапты. «Ұрылар» комедиясы бір сәтке күйбең тіршілікті ұмыттырып, әзіл әлеміне кенелтті.
Егемен Қазақстан • 30 Мамыр, 2023
Сингапурге тікелей әуе қатынасы ашыла ма?
Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстерді ұлғайту мақсатында Қазақстан мен Сингапур арасында тікелей әуе қатынасын ашу бойынша жұмыс жүргізілуде.