Өнер • 30 Мамыр, 2024
Құлагердің ажалы һәм азалы Ақан
Көңілдегі көрікті ойдың кестеленіп қағазға түскенінің бәрі өнер ме? Жоқ, әрине! Біздіңше, жүректі қозғап, көңілге ой салғаны, жанды тазартып, сананы сілкінткені – жауһар. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылболат Смағұловтың шеберханасына бас сұққанда назарымызды бірден өзіне бұрғызған бұл картина бояу палитрасының парасатымен ғана емес, ондағы кейіпкердің қайшылыққа толы характерімен де еріксіз жанында ұзақ кідіртті.
Өнер • 30 Мамыр, 2024
Қазақ халқында «Шәмші», «Шәмшінің әні» десе, ішкен асын жерге қоймайтын жан жоқ. Адам жүрегін тебірентетін сезімдердің қайсысы болсын – асыл ана, ардақты әке, мөлдір сезім, шынайы махаббат – осының бәрі Шәмші әндерінің тақырыбы.
Көрме • 30 Мамыр, 2024
Ұлттық дәстүрді шетелге әйгілеген
Түркістандағы «Ұлы дала елі» орталығында ташкенттік қылқалам шебері Гүлмира Досыбекованың «Туған жерге тағзым» атты көркем туындылары көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Оған Өзбекстан, Ресей және еліміздің қылқалам шеберлері мен Түркістан қаласының зиялы қауым өкілдері қатысты.
Оқиға • 30 Мамыр, 2024
Шымкенттегі қоғамның қайнаған ортасы, өнер мен білімнің ордасы саналған Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-ға салтанатты іс-шараға барсаңыз, сізді ғимарат фойесінде «Қазығұрт» фольклорлық ансамблі сазды күймен қарсы алады. Қазақ дәстүрі мен тарихын сан түрлі сазды аспаппен құйқылжытқан «Қазығұрттың» тарихы да тереңде. Ол туралы бізге аға оқытушы, мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Ұлбосын Тәжібаева былай деп сыр шертті:
Мирас • 30 Мамыр, 2024
Туған өлкенің тарихы түптеп келгенде ұрпақ кәдесіне жарайтындығы мәлім. Киелі жер мен қасиетті елдің өткенін ұмытпай, ұрпақ кәдесіне жаратсақ, кәнеки. Осы бір тәлімі мол дүние желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына небір асыл қасиеттер сіңірер еді. Жақсы мысалдар аз емес. Мәселен, Ақсу кенті. Кенттегі №1 жалпы білім беретін орта мектептің мұражайында өрістетілген жұмыс өзгеге өнеге болуға әбден лайықты. Жас ұрпақты туған топырағын сүюге баулып, жан-жақты жетілдіруге сіңіріп жатқан қызметі айрықша. Сәл ғана таратып айтатын болсақ, мұражай алдымен өз ауылының, білім ұясының, Отанының төл тарихын зерделей зерттеп, әрқилы шығармашылық жобаларға оқушыларды белсенді қатыстырып, тылсым тарихтың тағылымын паш еді.