Қазақстан • 29 Мамыр, 2018
Ел ішіндегі Эскулап. Дәрігерлерге неге сын көп айтылады?
«Бірінші байлық – денсаулық» деген сөздің қадірі ешқашан кемімейтіні анық. Өйткені адам үшін жаны мен тәнінің амандығынан аяулы нәрсе жоқ. Ал қазіргідей қоршаған ортаның ластануы мен көлденең факторлардың әсері көбейген шақта денсаулық сақтаудың маңызы одан әрі салмақтанып, озық медициналық қызметке сұраныс көбейетіні белгілі.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2018
Сәкен Сейфуллиннің қарашаңырағы
Ақмола ХХ ғасырдың басында жалғыз Сәкен емес, бүкіл қазақ зиялыларының да саяси отаны болғанын ескерсек, елдің есінен кетпес тұлғалардың ішінен алғашқы мұражайлардың бірі Сәкенге бұйыруы заңды құбылыс. Сондықтан да ел-жұрт Астанадағы Сәкен мұражайын Сәкеннің қарашаңырағындай көреді, құрметпен қарайды, рухани азық алады.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2018
Сағадат Нұрмағамбетов. Сыпайы генерал, шын сардар
Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының қолдауымен, республикалық «Генералдар кеңесі» қоғамдық қорының бастамасымен түсірілген Сағадат Нұрмағамбетовтің өмір өрнегіне салған ізінен сыр тарқататын «Долг. Честь. Отвага» деп аталатын деректі фильмде Сағадат Қожахметұлы жайында пікір білдірген азаматтар «Бауыржан Момышұлы оны «сыпайы генерал» дейтін еді» деп еске алады. Бұл батырдың батырға берген шын бағасы, шынайы сөзі. Ал енді осы күні есімдері ел ішіне аңыз боп тараған қазақтың нар тұлғалы азаматтарының бірін-бірі осылайша бағалап, қолдап-қуаттауы ұрпақтар сабақтастығы үшін зор өнеге болатындықтан, сөзді осыдан бастағанды жөн көрдік.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2018
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ғасырлар бойы тапталған еңсені тіктеп, тәуелсіздік алғаннан бергі жүріп өткен жолды одан әрі тиянақтап, кеткен кемшілік пен жеткен жетістікті екшей отырып, ендігі жасалар жұмысты айқындаған маңызды құжат болды. Мақалада айтылған мәселелер халық жанына жақын, жүрегіне жылы тиіп, олар «көптен күткен көкейдегіні айтты» деп құжатты қуана қабылдады.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2018
Жезқазғанда мұражайлардың мүмкіндіктері сараланды
Жақында Жезқазған қаласында жергілікті тарихи-археологиялық мұражайдың 40 жылдық мерейтойы мен Астананың 20 жылдығына арналған республикалық мұражай фестивалі өтті. Мәдени шараны Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында Қарағанды облысының мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы ұйымдастырды.