Олимпиада • 31 Мамыр, 2023
Физикадан «Asian Physics Olympiad» (APhO) 23-ші олимпиадасында Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті. Жерлестеріміз бір алтын, екі қола медаль иеленді.
Білім • 31 Мамыр, 2023
«Болашаққа» өтінім қабылдау басталады
Осы жылдың 5 маусымында «Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдаудың үшінші легі басталады. Өтінімдер 7 шілдеге дейін eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады. Жылдың соңына дейін өтінім қабылдаудың тағы бір легі 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында өтетін болады.
Қылмыс • 31 Мамыр, 2023
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі парақорлықты табыс көзіне айналдырды деп айыпталған күдіктілерге қатысты бірнеше істі прокуратураға жолдады. Бір өкініштісі, айып тағылып отырған адамдардың ішінде осы қылмыс түрімен күресуге тиіс құқық қорғау саласы өкілдерінің де бар екені.
Отбасы • 31 Мамыр, 2023
Отбасының берекесін алып, жанжал шығаруға бейім тұратын ер-азаматтардың мәселесі кейінгі жылдары қоғамда жиі талқыланатын болған. Жыл басынан өңірде отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты 30 жағдай тіркеліп, оның 4-еуі зардап шегушінің өлімімен аяқталыпты. Қылмыстық кодекске енгізілген соңғы өзгерістер енді жанжалқой еркектерді өтініш түспестен жазалауға мүмкіндік береді делініп отыр.
Құқық • 31 Мамыр, 2023
Өткен жылы газетіміздің №96 санында «Әділдікті енді кімнен іздеймін?» деген тақырыппен мақала жарияланды. Ол жерде Айзада есімді Алматы қаласының тұрғыны өзінің күйеуі Ерболат Аманғалиевтің Алмалы аудандық сотының үкімімен 8 жылға сотталғанын, оған Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша «сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп, талан-таражға салды, аса ірі мөлшерде ақша жымқырды» деген айып тағылғанын, бірақ шын мәнінде оның кінәсіз екендігін дәлелдей алмай жүргенін айтып, бас басылымнан көмек сұраған еді.