Қоғам • 31 Мамыр, 2021
Кәмелетке толмағандарды қорғау деңгейі қандай?
Былтыр елімізде жол көлік апатынан 183 бала қайтыс болып, кәмелеттік жасқа толмаған балалар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың 400-ден астам фактісі тіркелген. Жанжал отбасында орын алғандықтан, әрбір екінші жағдайдың себебі белгісіз. ІІМ деректері сонымен бірге 108 баланың терезеден құлап, 18-і қайтыс болғанын көрсетеді. Ал жыныстық зорлық бойынша 825 оқиға тіркеліп, оның 80 пайызы жақын адамдар тарапынан жасалғандығы анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Мамыр, 2021
Жаздың жайлы жылуы тарқап, сары күздің күрең қабағына қатқан шықпен бірге жайлаудан еңкейген ел Қара аралдың тік қабағына жағалай қоныс тепті. Бұл қойлы ауылдың жылдағы әдеті. Мұнда көп отырмайды. Қарашаның алғашқы ызғары түсе қыстауға қарай үдере көшеді. Көктұмсықтың шилі тастағын жанай қонған екі үй кешеден бері абыр-сабыр. Ауыл ағасы Темірхан қария қасына бір-екі белді жігітті ертіп, қыстаудың қиын оюға кеткен. Темкең қалай келеді, қос үй қойшы ауыл қыстауға көшеді. Мына абыр-сабырдың мәні осы.
Әлем • 31 Мамыр, 2021
Еуропа ауыл шаруашылығына алаңдайды
Еуропалық Одақ елдері өткен аптада төрт күн бойы Ортақ ауыл шаруашылығы жөніндегі саясатты (Common Agricultural Policy немесе қысқаша CAP) талқылап, ақыры келісе алмай тарқады. Жоспар бойынша 270 миллиард еуро осы салаға бөлінуі тиіс-тұғын. Бірақ ЕО-ға мүше мемлекеттер мен Еуропалық Парламент депутаттары мол қаражатты бөлу мәселесінде мәмілеге келе алған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Мамыр, 2021
Әлемде бала құқығы қалай қорғалады?
Бұл атаулы күн 1925 жылы Женевада өткен балалардың сапалы өміріне қатысты дүниежүзілік конференциядан бастау алады. Сол іс-шарадан кейін бірқатар мемлекет балалар мәселесіне көңіл бөлу мақсатында осы күнді Балаларды қорғау күні деп белгіледі. Содан бері жүз жылға жуықтады. Балалардың құқығы әлемде қалай қорғалуда?
Руханият • 31 Мамыр, 2021
Аңшылық – қазақтың байырғы кәсібі
Аңшылық-саятшылық – қазақтың байырғы да қосалқы кәсібінің, сондай-ақ көшпелілер үшін күнкөрістің әрі көңіл көтерудің бір саласы. Аңшылықтың бейнеті, еңбек шығыны аз, бірақ табысы құнды – бағалы аң терісі, еті, қауырсыны, мамығы – қай-қайсысы да адамдардың қажетіне жараған. Иә, мұның бәрі жалпы ата-бабамыздың көшпелі өмірінің ажырамас бөлшегіндей дүние. Алайда кейінгі уақытта аңшылықты кәсіп қылғандардың қарасы азайып барады. Бұл да заманның озығы не тозығы шығар?