Қазақстан • 29 Мамыр, 2018
Елімізде «Challenge «Сенің жаңа қырың» республикалық спорт бастамасының іске қосылады
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Challenge «Сенің жаңа қырың» республикалық спорт бастамасының іске қосылуына арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2018
Олжас Сүлейменов студенттермен кездесті
Олжас Сүлейменовтің шынайы да шымыр шығармалары әлемдік әдебиетте үлкен құбылыс ретінде жоғары бағаланып, мағынасы терең, рухы биік өлең-жырлары бірнеше буынды тәрбиелеп келеді. Олжас Омарұлының гуманист ақын ретінде «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысына басшылық жасаған қызметі де жұртшылыққа жақсы мәлім. Ақынның әр кездегі қоғамдағы тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты, бейбітшілік пен достықты қадірлеуге үндейтін ой-пікірлері баршамыз үшін өте құнды.
Әдебиет • 29 Мамыр, 2018
Қазақстан • 29 Мамыр, 2018
Ауыл мектебін бітіріп, үлкен өмірге енді ғана жолдама алып тұрған Көпжасар Нәрібаевтың көңіл ауаны еріксіз Мәскеуге бұрыла берді. Ұстаздары айта беретін М.С.Атлас, А.Л.Дауель, А.Ф.Якович сынды атақты ғалымдардың алдынан сабақ алу болашақ жолы – ғылым жолы екенін естіді. Бұл сыннан да Көпжасар сүрінбей өтті.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2018
Сәбидің саулығы сізге де байланысты
Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Тәні саудың – жаны сау» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын жойған жоқ. Неміс философы Артур Шопенгауэрдің айтуы бойынша, «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты». Демек әркім денсаулығына ерекше мән беріп, ең алдымен өзі жауапты болуы керек. Ал өмір есігін жаңа ашқан сәбидің денсаулығына кім жауапты? Әрине ең алдымен ата-анасы жауапты екені мәлім. Дегенмен сәбилерге екпе салу кезеңінде жауапкершіліктің жүгі ауырлап, ауқымы ұлғая түседі. Өзінің жеке пікірін білдіре алмайтын сәбидің ертеңгі саулығына қатысты, өкінішке қарай, ересектер арасында түсініспеушілік пен түсіндіре алмаушылық та туындайды.