Оқиға • 30 Мамыр, 2025
«Хабар» Агенттігі лудомания туралы деректі фильм түсірді
«Хабар» Агенттігі өзінің 30 жылдық мерейтойы аясында өткір әлеуметтік мәселелерді көтеретін деректі фильмдер циклын жалғастырып келеді. Жаңа туынды – журналист Сәби Байбосыновтың авторлық жобасы «Ставка на жизнь» – құмар ойындарға тәуелділік, яғни лудомания тақырыбына арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 30 Мамыр, 2025
Мәжіліс депутаты ақылы тонировкаға рұқсат беруді ұсынды
Қазақстанда көліктердің алдыңғы бүйірлік әйнектерін қараңғылауға тыйым салынғанына он жылдан асты. Алайда бұл мәселе қайта күн тәртібіне шықты. Мәжіліс депутаты Олжас Құсбеков бұл тыйымды ақылы негізде заңдастыруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Мамыр, 2025
Түркістан облысында 70-ке жуық жаңа жағажай ашылады
Түркістан облысында биыл жыл басынан бері түрлі жағдайларда 30 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Оның 13-і балалар. Қайғылы жағдайлардың орын алу себебін жауаптылар шомылу орындарының аздығымен де байланыстырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Мамыр, 2025
Қазақстан мен Италия бірлескен мәлімдеме қабылдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони келіссөздер қорытындысы бойынша Стратегиялық серіктестікті кеңейту жөнінде Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 30 Мамыр, 2025
Бейжіңде Қазақстанның мәдени орталығы ашылады
Бұл жөнінде ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Қытай мен Орталық Азия арасындағы мемлекеттік басқару және гуманитарлық байланыстар жөніндегі симпозиумда мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.