Бизнес • 30 Мамыр, 2023
Шағын бизнестің ІЖӨ-дегі үлесі
Экономикамыздың жақын келешектегі драйвері саналатын шағын және орта бизнес саласы қарқын ала түсті. Қазір бұл салаға барлық қаражат та, қолдау да беріліп жатыр. Әрине, ШОБ-ты қолдауда шикіліктер де жоқ емес. Бірақ жалпы назардың оң екенін айтпасақ тағы болмайды. Қалай болғанда да ШОБ – нарықтық экономиканың даму негізі. Кәсіпорындар жұмыс орнын ашып, бюджетке салық төлеп, халықтың қаражатын айналымға шығарып, монополиямен күресуге көмектеседі.
Өндіріс • 30 Мамыр, 2023
Қызылордадағы өңірлік коммуникация қызметінде аймақ үшін маңызды нысандарға көшпелі брифинг ұйымдастыратын бір жақсы дәстүр бар. Өткенде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері осындай брифинг аясында құрылысы жаңа басталып жатқан «Қызылорда – Жезқазған» күре жолындағы жұмыс барысын көріп қайтқан. Ал жуықта осындай сапармен қала іргесіндегі шыны зауытына бардық.
Мәселе • 30 Мамыр, 2023
Сәтбаев су арнасының жағдайы мүшкіл
Еліміздің орталық бөлігі мен елорда халқын тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отырған Қ.Сәтбаев атындағы су арнасының жағдайы жыл санап кері кетіп барады. «Қазсушар» РМК құрамына енгелі мекеме қызметкерлерінің кадрлық және әлеуметтік әлеуеті төмендеп қана қоймай, стратегиялық нысанның технологиясын жаңартуда елеулі кемшіліктер пайда болған. Мәжіліс депутаттары мекемеге дербес заңды тұлға мәртебесін қайтарып беруді сұрап отыр.
Қоғам • 30 Мамыр, 2023
«Қазфосфат» ЖШС Жамбыл өңірінде ғана емес, еліміз бойынша химия өндірісінің локомотиві саналатыны бұрыннан белгілі. Әйтсе де ілгеріде 7 мыңнан аса азаматты жұмыспен қамтып отырған алып серіктестіктің қызметкерлері басшылық жағдайымызды жасаса дегенді жиі айтып жүретін. Кейінгі жылдары олардың орынды талабына жаңа басшылық назар аудара бастады.
Қоғам • 30 Мамыр, 2023
2019 жылдың тамызында ел Президенті ұлт ұясы – Ұлытауға келді. Жошы хан кесенесіне барып тағзым етті. Халықаралық «Ұлытау-2019» туристік форумына қатысып, сөз сөйледі. Форумда сөйлеген сөзінде «Ұлытау туристік мекенге, демалыс аймағына әрі ұлы бабаларға тағзым ету орталығына айналуға тиіс» деп атап көрсетті. Сол жылдың 31 желтоқсанында Үкіметтің «Ұлық ұлыс – Алтын Орданың 750 жылдығына дайындық және оны мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» № 1059 қаулысы қабылданды. Қаулыда «Жошы хан» кесенесіне таяу туристік кешен салу көрсетілген. 2020 жылы кешеннің құрылысы басталып, бір жылда салынып бітті. 2021 жылдың қазан айында ел басшысы Жезқазғанға жұмыс сапары кезінде кешенді арнайы барып көрді.