Парламент • 30 Мамыр, 2025
Қазақстан мен Өзбекстан депутаттары бірлескен жұмысты күшейтуге келісті
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов пен Өзбекстан Олий Мажлисі Заң шығару палатасының спикері Нуриддин Исмоилов екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Кездесу барысында тараптар сауда, экономика, жасанды интеллект және мәдени-гуманитарлық байланыстар салаларындағы әріптестікті одан әрі нығайту жолдарын қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2025
ШҚО-да жолдарға жануарлардың суреті қойылды
«Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының, әсіресе жабайы және үй жануарларымен соқтығысуға байланысты оқиғалардың алдын алу мақсатында қосымша шаралар қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентіне ілтипат білдіре отырып, оның бірінші «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысуы мемлекетаралық көпқырлы қарым-қатынастарды одан әрі ілгерілету тұрғысынан маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 30 Мамыр, 2025
Елімізде 2,1 млн отбасыға әлеуметтік төлем беріледі
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен дөңгелек үстел барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Мамыр, 2025
Астана форумында зияткерлік меншіктің болашағы талқыланды
Астана халықаралық форумының аясында «Жасанды интеллект дәуіріндегі зияткерлік меншік» тақырыбында панельдік сессия өтті. Жиын барысында жетекші сарапшылар, саясаткерлер және цифрлық экономиканың өкілдері цифрлық трансформация дәуіріндегі зияткерлік меншікті қорғау мен реттеудің өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.