Сенат • 30 Мамыр, 2023
Үкімет сағаты: Инвестициялық ахуалды жақсарту
Сенатта «Қазақстанның инвестициялық ахуалы және инвестициялық тартымдылығы» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтті. Жиын барысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың баяндамасы тыңдалды.
Мәселе • 30 Мамыр, 2023
Жылу мен су тапшылығы шуға айналды
Өркениет көшіне ілескен қоғам үшін бірінші кезекте инфрақұрылымның қызметіне деген сұраныс жылдам артатыны түсінікті. Әлем табиғи таза энергия көздерінен жылу мен жарық алып отырғанда, еліміздегі біраз ауылдың әлі де темір пеште тезек тұтатып, білтелі шам жағып отырғанына күлеміз бе, қынжыламыз ба?
Қазақстан • 30 Мамыр, 2023
Президенттің игерілмей жатқан жайылымдық және заңсыз жерлерді ауыл тұрғындарына қайтарып беру тапсырмасы аясында «Amanat» партиясы және «Жер аманаты» комиссиясы мүшелерінің араласуымен Алматы облысында 44 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Партия алдағы уақытта өңірдегі 220 мың гектардан астам жерді мемлекет меншігіне қайтаруды көздеп отыр.
Әскер • 30 Мамыр, 2023
Әскерилердің бітімгерлік миссиясы
Қазақстан шартарапқа өзінің бейбітсүйгіш мемлекет, тұрақтылық пен қауіпсіздікті жақтайтын ел екенін талайдан бері айшықтап келеді. Осы бағытта атқарылып жатқан міндеттің бір парасы – бітімгерлік миссиясы. Сарбаздарымыз бен сардарларымыз БҰҰ-ның бітімгер әскері құрамында міндетін абыройлы атқарып жүр.
Әлем • 30 Мамыр, 2023
«Талибан» қозғалысы Ауғанстан билігін қолына алғалы бері аймақтағы тыныштықтың тігісі жиі сөгілетін болды. Көрші елдерге кәдімгідей қоқан-лоқы көрсетіп отырған ұйым енді Иранға қарсы соғыс ашқанын жариялады. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, бұл туралы «Талибан» көшбасшыларының бірі Абдулхамид Хорасани мәлімдеген. Қақтығыс Ауғанстан мен Иран шекарасында басталған.