Аймақтар • 31 Мамыр, 2017
Орал қаласында «Әлеуметтік саясаттағы және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріндегі кешенді гендерлік тәсілдің принциптері» атты семинар-тренинг өтті. Шараны Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мен Астана қаласындағы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2017
Азат елдің айбынына айналған рәміздеріміздің, яғни Ту, Елтаңба, Әнұранның қабылданғанына да ширек ғасыр толып отыр. Бір замандары Конфуций «Әлемді нышандар мен рәміздер билейді», деген екен. Шынында, аспан түстес көк Туымыз, рухты Әнұранымыз төрткүл дүниенің барлық жерінде желбіреп, асқақ естіліп, халқымыздың қадірін арттырып келе жатқаны анық.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2017
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
Астанадағы Ұлттық музейде 31 мамыр − Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған алқалы жиын өтті.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2017
Құрбандарға құрмет – ұрпаққа міндет
Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Тарихи сана және қоғамның рухани қауіпсіздігі» тақырыбында «SarapTime» сарапшылар клубының отырысы өтті. Бұл шара 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары күніне орайластырылған. Атаулы күн Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді.
Біздің әкелеріміз Қазақстанға тағдыр талайымен келіп, осы жерден бақытын тапты. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған олардың атажұртқа қайтуы ауыр жағдайға соқтырар еді. Сондықтан, әкеміз «Біз бауырмал қазақ халқына қарыздармыз. Осыны ұмытпаңдар» деп отыратын. Қазақ жерінде дүниеге келіп, өсіп-өндік, үлкен әулетке айналдық.