Қоғам • 31 Мамыр, 2024
«Самұрық-Қазына» қорының шетелдік серіктестері көмек қолын созды
«Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының шетелдік серіктестері Қазақстандағы су тасқынына қарсы күреске қаражат бөлді.
Қоғам • 31 Мамыр, 2024
Еурохаттаманың ерекшелігі неде?
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша азаматтар сақтандыру төлемін алуға онлайн жүгінуге құқылы. Сақтандыру ұйымдары құрған цифрлық сервистер тұтынушыға сақтандыру ұйымының кеңсесіне баруға уақыт жұмсамай, құжаттардың ең аз топтамасын ұсына отырып, өзі көрсеткен банктік шотқа сақтандыру төлемін қашықтан алуға мүмкіндік береді.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2024
Еңбек адамына арналған баспана бағдарламасы
Рудный қаласында «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінің» жұмысшылары мен «Отбасы банк» өкілдері қатысқан үлкен форум өтті. Алқалы жиыннан кейін Қостанай облысының әкімдігі, «Отбасы банк» және Еуразиялық топ (ERG) өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісімшарт аясында «ERG» металлургтері, кеншілер мен жөндеу қызметінің мамандары арасынан 100 отбасы жеңілдетілген шартпен «Отбасы банк» арқылы баспаналы болады.
Тарих • 31 Мамыр, 2024
1992 жылдың басында сол кездегі еліміздің Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Көкшетау облысы бойынша басқармасының бастығы Мірхайдар Раманқұлов маған Көкше өңірінде туып-өскен, сталиндік саяси қуғын-сүргін кезінде жаламен «халық жауы» атанып ұсталып, ату жазасына кесілген белгілі революционер-большевик Әбілқайыр Досовтың төрт томдық жеке ісін тауып беріп, оқып, мәтіндік конспект жасауыма мүмкіндік жасаған еді. Соның негізінде нақақтан күйген қайраткердің қасіретті тағдыры туралы жазған «Қан тамған қолжазбалар» атты көлемді мақалам «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған болатын.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2024
Автобус апаты: 1 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алған
Жолаушылар мінген автобус Алматы - Шелек - Қорғас тас жолында жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан автобустың жүргізушісі қаза тауып, 11 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.