Қазақстан • 31 Мамыр, 2017
Павлодар облысы, Май ауданында басқа ұлттың өкілдері саусақпен санарлықтай. Олар қазақтардың ортасында жүргендіктен болар, мемлекеттік тілді жақсы біледі. Осы ауданда тоқсаныншы жылдардың соңына қарай жұмыс бабымен бірнеше мәрте болған кезімде көңіл тербететін оқиғалардың куәсі болғаным бар еді. Соны қаз-қалпында қағаз бетіне түсірдім.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2017
«Келін», «Шал», «Кенже» атты танымал трилогиясын түсірген режиссер Ермек Тұрсынов «Киномеханик» (әзірге жұмыс атауы) атты жаңа туындының дайындығына кірісті. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында кезекті жобаның қорғалымы өтіп, режиссер жүзеге асырмақ идеясының мазмұнымен таныстырды.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2017
Жол таңдамайтын көлік құрастырды
Николай Шаңдақ ауылындағы шаруашылықта жүргізуші болып істейді. Жүргізуші болғандықтан ол Федоров ауданы маңайындағы жолдың барлығын да жатқа біледі. Жеңіл машиналар шабындықта жүре алмайды. Техниканы бес саусақтай білетін ол ойқы-шойқы жолдардан кідіріссіз жүретін техника құрастыруды бір жарым жылдан бері қолға алған болатын. Оның гаражында техника бөлшектерінен табылмайтыны кемде-кем. Ескі техникаларды ол быт-шытын шығарып бұзып, бөлшектеп жинап қоя беретін. Міне, соның барлығы да кәдеге асты.
Театр • 31 Мамыр, 2017
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Талдықорғандағы Оқушылар сарайында «Қыз жылаған – Қара орамал»» атты қойылымның премьерасы өтті. Алаштың айтулы ақыны, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбайдың «Қара орамал» поэма-реквиемі желісінде орын алған поэтикалық қойылым Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кендебай Темірбайұлының режиссерлігімен және Қазақстанның халық әртісі Алмахан Кенжебекованың көркемдік жетекшілігімен сахналанды.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2017
Тәжірибені тарату – тағылымды іс
Назарбаев университет таңдаулы әлемдік тәжірибелерді қабылдау арқылы Еуразия кеңістігінде білім беру мен ғылыми жаңалықтар экспортының орталығына айналуды көздеп отыр.