Саясат • 31 Мамыр, 2025
Тың идеялар мен тұғырлы пікірлер алаңы
Екі күнге созылған Астана халықаралық форумында еліміз және жаһан жұртшылығы үшін аса өзекті мәселелер көтеріліп, тың идеялар мен тұғырлы пікірлер айтылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Астана халықаралық форумының пленарлық сессиясына қатысқан Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстан мен Орталық Азия елдері туралы ойын ортаға салды.
Саясат • 31 Мамыр, 2025
Еуропа Кеңесінің Бас хатшысымен кездесті
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Астана халықаралық форумына келген Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсемен кездесті.
Форум • 31 Мамыр, 2025
Серіктестікке серпін беру – бірегей міндет
Астана халықаралық форумы аясында Қазақстан – Италия жеткізу тізбегі бизнес-форумы болды. Оған екі елдің жоғары лауазымды тұлғалары қатысты. Ауқымды іс-шараға «Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз», «Eni», «Maire Tecnimont», «Ansaldo Energia» сияқты жетекші ұйымдар және басқа да салалардағы ірі қауымдастықтар мен компаниялардың өкілдері қатысып, Шығыстан Батысқа тартылған жеткізу тізбегін кеңінен талқылады. Бұл екі ел арасындағы әріптестіктің стратегиялық маңыздылығы мен саяси өзектілігін одан әрі айқындай түседі.
Саясат • 31 Мамыр, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Астана халықаралық форумы аясында Ауғанстан сауда және өнеркәсіп министрінің міндетін атқарушы Нуриддин Азизимен кездесу өткізді. Онда сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Саясат • 31 Мамыр, 2025
«Орталық Азия – Италия»: Орнықты дамудың оңды форматы
Кеше Астана қаласында бірінші «Орталық Азия – Италия» саммиті өтіп, оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты. Өңірдегі өзекті мәселелер талқыланған тұңғыш саммит қорытындысы бойынша Бірлескен декларация қабылданды.