Қоғам • 01 Сәуір, 2020
2020 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығынан үміткерлергеконкурс жарияланады
Руханият • 01 Сәуір, 2020
Қазағым көршісін құдайдай сыйлаған. Сыйлай да береді. «Көрші хақысы – Тәңір ақысы», «Алыстағы туысыңнан жақындағы көршің артық» деп бекер айтпаған. Небір зұлмат кезеңдерде халқымыз мойымай бір түйір нанымен, бір уыс тарысын көршісімен бөле жеген. Қазақтың кеңдігі осында жатыр емес пе?!
Руханият • 01 Сәуір, 2020
1 сәуір – КҮЛКІ КҮНІ Қайран әліппе!.. Тоқсан жыл оқып-тоқып «Әліппені» – Көзге ыстық, көңілге тоқ әріптері. Тоқсан жыл бар қазақтың ғұламасы, Білімнің кілтін ашып дәріптеді. Аяқтан сол «Әліппе» маталды да, Басына «ақырзаман» тақалды да, Басына телпек емес, қалпақ киіп, Ғайыптан «сауат ашу» аталды ма?! Күнде бір «реформа» бұрқыл қағып, Қалдық-ау «Әліппенің» жұртын бағып. Ғұмыры үш ғасырлық күліп жатыр, Орыстың «Буквары» тырқыл қағып...
Таным • 01 Сәуір, 2020
(Соңы. Басы 61-нөмірде) Біз өзіміз өз қандасымыздың басындағы ақиқат өмірден туған аңызға мемлекеттік сыйлыққа ұсынамыз деп шала шабылғанда нүкте қойыппыз. «Жазғаны біздің қоғам емес, біздің өмір емес» деген әңгіме сол кезде шықты. Дулат Исабековтің «Қарғын» романында шетел жазушысының кітабы туралы кейіпкер аузымен айтылатын «Оқиғасы біздің өмірімізден алыс» деген сөз бар. «Қылмыс» романын оқыған оқырман да оның екінші томынан бастап сөз болатын жайттардың көбінің бөлек менталитетке тән екенін байқайтынын жоққа шығара алмаймыз.
Руханият • 01 Сәуір, 2020
Егерде сіз Ресей Федерациясының Таулы Алтай өлкесіне жолыңыз түсіп жатса, көңіл сергітер көптеген қуанышқа кенелеріңіз хақ. Басқасын айтпағанда, ақ самырсын көмкерген сәнді жағажайлар, тас бұлағы таудан құлап аққан қырқа-қырат. Сонымен қатар, биыл 75 жыл толып отырған Жеңіс мерекесіне орай Барнаул мен Бийск арасын жалғап жатқан құла айғырдың сауырындай биік сарыжонға Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Кеңес Одағының Батыры атағын алған адамдар туралы баннер тұрғызылған. Қасқа жолдың қос жиегіне жағалай орналасқан зәулім тақтада айпарадай айғайлап қос қазақтың есім-сойы тұр. Бірі – Қадыран Туғанбаев, екіншісі – Жәнібек Елеуісов.