Аймақтар • 01 Сәуір, 2020
Қостанай облысына қатынайтын 8 пойыз тоқтады
Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан – Челябі бағытындағы жолаушылар пойызы мен Тобыл стансасы арқылы өтетін Нұр-Сұлтан – Атырау, Нұр-Сұлтан – Орал, Барановичи – Қарағанды, Арқалық – Нұр-Сұлтан, Орал – Алматы-2 бағытындағы пойыздар тоқтады.
Коронавирус • 01 Сәуір, 2020
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 372-ге жетті
Қазақстандағы 2020 жылғы 1 сəуір сағат 16:50-дегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады. Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 адам тіркелді, Қызылорда облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Алматы облысында – 1. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша барлығы 372 жағдай тіркелген.
Қазақстан • 01 Сәуір, 2020
«Мен жастарға сенемін!» студенттер байқауы бастау алды
Сегіз жылдан бері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен өтетін республикалық аталмыш байқау жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.
Қазақстан • 01 Сәуір, 2020
S&P агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингін растады
2020 жылғы 26 наурызда Standard&Poor'sхалықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның егемендік кредиттік рейтингі «BBB-/А-3»деңгейінде, болжам «Тұрақты» екенін растады, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 01 Сәуір, 2020
Экология министрлігі мектеп оқушылары арасында конкурсын жариялады
Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев коронавирус пандемиясы кезінде оқшауланған қазақстандық мектеп оқушылары үшін экологиялық тақырыпқа арналған республикалық үздік сурет жəне қолдан жасалған бұйымдар конкурсын жариялап отыр, деп хабарлады осы министрліктің баспасөз қызметі.