Қаржы • 01 Сәуір, 2020
Банктер халыққа көмек қолын созуға дайын ба?
Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасады. Бұған дейін шағын және орта бизнесті қолдауға арналған іс-шаралар кешені жарияланған болатын. Шағын және орта кәсіпкерлер үшін салық жеңілдіктері қарастырылып, азаматтарға несені өтеу мерзімі кейінге шегерілді. Президент әсіресе, үнемі мемлекеттің қолдауына зәру екінші деңгейлі банктердің ендігі халыққа көмек қолын созар уақыты келгенін айтып, несиеның үсеме пайызын төмендету сынды шараларды қабылдауға кеңес берді. Бұл бастама отандық сарапшылар тарапынан қос қолдап қолдау табуда.
Медицина • 01 Сәуір, 2020
МӘМС бойынша жеңілдік мерзімі ұзартылды
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна аудармаған азаматтар дәрігерлік көмекті алуды жалғастыра береді. Қазіргі елдегі жағдай ескеріле отырып, олардың медииналық көмек алу құқы 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды.
Экология • 01 Сәуір, 2020
Неміс ғалымдары пластикті ыдырататын бактериялар штаммын тапты
Ғалымдар қоршаған ортаға зиянды пластиктерді жоюға ықпал ететін бактериялардың штаммын тапты. Science Alert мәліметтеріне сүйенсек, зерттеу барысында неміс ғалымдары тапқан полиуретанды пластмассадан толығымен ыдырауға ықпал ететін бактериялардың штаммы экологиялық залалдардың алдын алуға бағытталған қадамдардың бірі.
Әдебиет • 01 Сәуір, 2020
Бақытгүл СӘРМЕКОВА. Ақындардан жеріну (әңгіме)
Бақытгүл Сәрмекова – өзіндік жазу стилімен танылып, өз аудиториясын қалыптастырған жас автор. Шағын әңгімелері баспасөз беттерінде жиі жарияланып жүр. Қазіргі қазақ прозасына қосылып жатқан қаламгер шығармалары жазушылық мінезімен ерекше. Небір «дүлдүл» һәм «ұлы» ақындарды тап басып танып, әшкере қылған әйдік әңгімесін назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Руханият • 01 Сәуір, 2020
Вахтангов театры қойылымдары онлайн көрсетіледі
«Онлайн театр» бағдарламасы аясында 2 сәуір мен 10 сәуір аралығында Мәскеудің әйгілі Евгений Вахтангов театры қойылымдарының онлайн көрсетілімі жүреді.