Аймақтар • 30 Сәуір, 2018
Сандықтау ауданының Белгород ауылындағы мәдениет үйінде музыкалық аппаратура мүлдем болмаған еді. Енді оның да орайы келді. Нақты айтқанда, «Белгородское» ЖШС директоры Артем Любимов әртістер мен көрермендердің көңілінен шығатын музыкалық аппаратура сатып алып берді.
Аймақтар • 30 Сәуір, 2018
Неміс қызы Диана қазақ тілін ана тілім деп санайды
Тоқмансай – үш жүзге тарта түтіні бар, ауызбіршілігі мол, бірнеше этнос өкілдері тұратын ынтымағы жарасқан ауыл. Мұндағы тұрғындардың басым бөлігі қазақтар болғанымен, неміс және украин этносының өкілдері де жеткілікті. Олардың бәрінің мемлекеттік тілге деген ынтызарлығы мен құштарлығы кім-кімді де тәнті қыла алады.
Аймақтар • 30 Сәуір, 2018
Қостанай қаласының іргесіндегі облыс аттас ауданда Айсары деген ауыл бар. Оны сырттан келгендер ана тіліміз есіктен қарап қалған жылдары Глазунов атандырған екен. Жұрт есін жиғаннан кейін өзінің Айсары деген әдемі атын қайтарып алып жатыр.
Қазақтың жолы үлкен, үш әріптен кейіптелген кішкене бойына көп мағына сыйғызған салиқалы да салмақты сөздерінің бірі – жол. Қазақтың жолы десек, ол халқымыздың ықылым заманнан бергі бастан кешкен тарихын білдіреді. Сонымен бірге ұлттық жөн-жоралғымызды, әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді де осы жол деген сыр-сипаты мол сырбаз сөзбен әдемі айшықтап жатамыз.
Жүгіретін ақынды көрдіңіз бе? Шын мәнінде марафонға қатысып, жүгіруді өмірлік серігі еткен ақынды айтамын. Мен әлі көрмедім, дүние жүзінде де олардың саны көп емес сияқты. Марафон және жазушы десе бірден жапон жазушысы Харуки Мураками есімізге түсетіні сөзсіз.