Кәсіпқой бокс • 27 Сәуір, 2021
Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін 29 мамырда АҚШ-та өткізетін болды. Бұл туралы боксшының өзі мәлімдеді.
Күрес • 27 Сәуір, 2021
Өткен аптада еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Керей Қойшыбектің қайтыс болғаны туралы жайсыз хабар жетті. Қазақ спортының ардагері 74 жасқа қараған шағында жарық дүниемен қош айтысты. Аталған азаматтың осы саланың дамуына, әсіресе самбо күресінің кең-байтақ республикамызда кеңінен құлаш жайып, оның өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі орасан зор екені еш дау туғызбайды.
Руханият • 27 Сәуір, 2021
Қызылорда тарихи-өлкетану музейінің Ақмешіт филиалы қолға алған «Киелі мұра» жобасы шеңберінде тағы бір құнды жәдігер ел игілігіне айналғалы тұр. Облыстық музей мен «Qyzylorda» телеарнасы бірлесіп жүргізген зерттеу барысында Сыр бойындағы белгілі батырлардың бірі – Бұқарбай Естекбайұлының қылышы мен мөрі, шашақты туы туралы хабар эфирге әзірленді.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2021
Бір кезде аттың құлағында ойнаған жампоз еді. Ұшқырлықты, жылдамдықты жақсы көретін. Көлік апатына ұшырап, омыртқасын опырып алғаннан кейін қарға адым жер мұң болып қалды. Әйтсе де қарағайдың қарсы біткен бұтағындай рух қайсарлығы, жігерінің молдығы тағдырдың тәлкегіне мойынсұндырмай келеді.
Тарих • 27 Сәуір, 2021
Қазақ халқының «бәлшебектерден» көрмегені жоқ. Әуелі күштеп отырықшы етеміз деп қолындағы малын бір емес, бірнеше рет жинап алды. Діліне қиянат жасады. Рухын жаншып, дәстүрінен айыруға білек түре кірісті.