Қоғам • 01 Сәуір, 2021
Қазақстанның түркі әлеміндегі қызметі сабақтастық арқылы жалғаса береді - Дархан Қыдырәлі
Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстанның бастамасымен өткен Түркі кеңесінің кезектен тыс бейресми саммитіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2021
Қазақстан елшісі қырғыз режиссері Шер-Ниязбен кездесті
Бүгін Бішкекте Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Қ. Нұрпейісов Қырғыз Республикасының қоғам қайраткері, кинорежиссер, продюсер C.Шер-Ниязмен кездесті, деп жазады Egemen.kz Қырғызстандағы Қазақстанның елшілігі таратқан дерекке сілтеме жасап.
Экономика • 01 Сәуір, 2021
Банк ВТБ «Кселл» кредит желісін 1 миллиард теңгеге ұлғайтты
Қазақстанның телекоммуникация нарығындағы жетекші оператор болып табылатын «Кселл» АҚ пен Банк ВТБ (Қазақстан) кредит лимитін 6 миллиард теңгеден 7 миллиард теңгеге дейін ұлғайту туралы келісімге қол қойды. Кредит желісінің мерзімі 2023 жылдың 15 қазанына дейін жылдық 10,7% мөлшеріндегі сыйақы төлеумен ескерілген. Компания алынған қаражатты айналым қаражатын толықтыруға жұмсамақ.
Президент • 01 Сәуір, 2021
Президент коронавирусқа байланысты эпидемиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі эпидемиялық ахуал жайында айтты. Жағдай бүкіл қоғамды алаңдатып отыр. Атқарушы органдардың жұмысына азаматтарымыздың көңілі толмайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2021
Түркістан облысында 12 700 азаматқа екпе егілді
Түркістан облысында 12 700 адамға COVID-19 індетіне қарсы екпенің 1-компоненті егілді. Бүгінде оның 6 173-і вакцинацияның екінші кезеңінен де өтіп үлгерген. Олардың қатарында медицина және полиция қызметкерлері мен мұғалімдер бар.