Экономика • 01 Сәуір, 2021
Банктердегі депозитіміз 11 триллион теңгеден асты
Резиденттердің депозиттік мекемелердегі депозиттерінің көлемі 2021 жылғы ақпанның аяғында бір айда 0,6% -ға төмендеп, 22 547,2 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 4,9% -ға, 11 358,6 млрд теңгеге дейін азайды, жеке тұлғалардың депозиттері 4,3% -ға, 11 188,5 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл туралы Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратқан деректерге сілтеме жасай отырып жазады.
Тағайындау • 01 Сәуір, 2021
Қызылорда әкімі жаңа қызметке барды
Нұрлыбек Машбекұлы Премьер-Министр кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz syrboyi.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Сәуір, 2021
ҚазҰУ-да «Студенттік көктем» байқауының жеңімпаздары анықталды
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласындағы Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасына сәйкес, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Студенттік көктем-2021» көркемөнерпаздар байқауы онлайн форматта ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 01 Сәуір, 2021
Елордада карантин талаптарын бұзған 14 кәсіпкерлік субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Елорданың мобильді топтары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына және карантиндік шаралардың қатаңдатылуына қарамастан қалада күн сайын карантин режимін бұзушылар анықталуда. Өткен тәулікте мобильдік топтар осындай 14 фактіні тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2021
Шығыс Қазақстанға санитарлық бекеттер қойылды
Шығыс Қазақстан облысымен шектесіп жатқан өзге өңірлер қызыл аймаққа енгендіктен,тұрғындардың денсаулықтарын сақтау үшін облыс шекараларына санитарлық бекеттер қойылды. Бірақ әзірше жеңілдетілген шектеу шаралары сақталып отыр.