Аймақтар • 01 Сәуір, 2019
«Ауыл қамқоршысы» жобасы жалғасын таба алмай тұр
Қазақ поэзиясының патриархы, Қазақстаның халық жазушысы марқұм Қадыр Мырза Әлі ертеректе жазған өлеңдерінің бірінде: Ұмытып бара жатсаң борышыңды, Арала атамекен қонысыңды. Ажары қашқан ауыл еске салар, Халқыңа азаматша болысуды, -деп төгілдіре жазған екен. Арқалы ақын жырлағандай қазіргі кезде ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту ісіне кәсіпкерлік пен бизнестің басы-қасында жүрген жанашыр азаматтар мен туған топырағының төл перзенттері өз үлестерін қоса алатыны анық.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2019
Тараз туризмін дамытуға не кедергі?
Жалпы, Тараз топырағы туралы сөз болғанда, әуелі оның екі мың жылдық тарихы бар көне шаһар, сонымен қатар қойнауы тарихи қазынаға толы өлке екені айтылады. Расында да, облыс орталығы Тараз қаласы ғана емес, жалпы Жамбыл облысының қай аудан, қай ауылынан болсын құнды жәдігерлерді, тарихи мекендерді көптеп кездестіруге болады. ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген ортағасырлық Ақыртас, сондай-ақ Өрнек, Құлан, Баласағұн, Қостөбе қалашықтарын айтпағанның өзінде, Қарахан және Айша бибі кесенелерінің өзі көпшіліктің қызығушылығын тудырып, ұлттың ұлы тарихынан сыр шертеді. Бүгінгі таңда Әулиеата өңіріндегі тарихи, мәдени ескерткіштерді өзгелерге таныту, құнды жәдігерлерді насихаттау басты мақсат болып отыр. Яғни, Тараз топырағында туризмді дамыту мәселесі өзекті.
Елбасы былтыр ғана ішкі туризмді дамыту үшін Үкімет салалық бағдарлама әзірлеу керектігін айтқан еді. Өйткені жерімізге туристерді тарту – еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға септігін тигізетіні анық.
Руханият • 01 Сәуір, 2019
Vırtýáldy álemnіń ómіrge úlken ózgerіster ákelgendіgіn kórіp otyrmyz. Bіr-bіrіmіzben kezdesýden, sóılesýden qalyp baramyz. Buryn basqasyn aıtpaǵanda, redaktsıalardaǵy qyzmetkerler qoldary qalt etken sátte bіr-bіrіnen jıі jańalyq surasyp, ózara pіkіr almasyp júrýshі edі. Internet beleń alǵannan berі ol da azaıdy.
Руханият • 01 Сәуір, 2019
Арғынбек Ахметбекұлы: Ахат ағам әкесін ақтауға бүкіл өмірін арнады
Бүгінде жасы сексеннен асқан абыз қария, абайтанушы, композитор Арғынбек Ахметбекұлы Абайдың 45 өлеңіне, Шәкәрімнің 2 өлеңіне ән шығарған, оның жиыны 65 ән-романсы бар. Арғынбек Ахметжанов 1959 жылдың 9 қаңтарында Алматыдағы республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің үшінші бетінен Шәкәрімнің суреті мен өлеңдерін тұңғыш рет көреді. Келесі жылдың қысында, Абай ауданына Шәкәрімнің баласы Ахат аға келеді.