Аймақтар • 01 Сәуір, 2019
Көмірмен көмкерілген әшекейлер
Кеншілер астанасында «Үздік дизайнер» атты байқау өтіп, онда Ресей, Өзбекстан және Қазақстаннан келген дизайнерлер өздері тіккен киім-кешектері мен қолдан жасаған әшекей заттарын қазылар алқасының талқысына ұсынды.
Руханият • 01 Сәуір, 2019
«Жұлдызды тостаған» Петербург төрінде жарқырады
Петербургтегі Ресей Көркемсурет академиясының Ғылыми-зерттеу музейінде Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің жауһар туындыларына баланатын «Сергей Калмыковтың жұлдызды тостағаны» атты айрықша көрме ашылды. Айтулы өнер жәрмеңкесін екі ел арасындағы мәдени дәстүрлердің қоспасы деп атауға болатындай.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2019
Алматының үздік дауысы анықталды
Жыл сайын жас өрендердің басын қосатын «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының төртінші маусымы Алматы қаласынан бастау алды. Оқушылар сарайында өткен іріктеу кезеңінің сайысына 600-ден астам бала қатысты. Ауқымдылығы артып, қанат жайып келе жатқан байқаудың биылғы жаңалығы көп. Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының бірегей жобасы болып саналатын еліміздегі ең ауқымды балалар ән байқауы осы жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры мен Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.
Спорт • 01 Сәуір, 2019
Бағыт – Бангкок, мақсат – Азияның алды болу
17-27 сәуір аралығында Таиландтың астанасы – Бангкокта ересектер арасындағы Азия чемпионатының жалауы желбірейді. Барлық мықтылар жиналатын сары құрлықтың басты додасында Қазақстанның ұлттық құрамасы барынша табысты өнер көрсетеді деген ойдамыз. Себебі бұл жарыс биылғы қыркүйек айында Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін әлемдік додаға даярлық ретінде қарастырылады.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2019
Талдықорғанда 27 наурызда «Алтын жебе» әскери жаттығуы кезінде тікұшақ апатынан қаза тапқан жауынгерлермен қоштасуға арналған митинг өтті. Жетісулықтар Орталық алаңға жиналып, ефрейторлар Айдын Абдильдинов пен Мирас Жұматаевты соңғы сапарға шығарып салды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.