Аймақтар • 24 Сәуір, 2018
Алыста жатып, ауылды басқарғандар азаймай тұр
Біздің ойымызға ауыл шаруашылығы басқармаларының кеңейтілген отырысы оралып отыр. Онда есеп берген Солтүстік Қазақстан облыстық ауылшаруашылық ведомствосының басшысы Қайрат Омаров төмендегідей деректер келтірген болатын. Теріскейдің диқандары былтыр соңғы 5 жылда болмаған бітік егін өсіріп, 5,5 миллион тонна алтын дән жинаған. Өнім гектарына берекелі 18,2 центнерден айналған.
Жақында Астананың ірі азық-түлік дүкенін аралап жүріп бір қыздың атағы бүкіл Қазақстанға танымал мүйізі қарағайдай компанияның сүтін іздеп таба алмай, ол неге жоқ деп жағалай сұрап жүргенін көріп қалдым.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2018
Маңғыстау үшін дәстүрлі мал шаруашылығын дамыту маңызды
Жасыратыны жоқ, Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығы саласының ахуалы мәз емес. Аталмыш саладағы кемшіліктердің төркіні қайдан – қолда барды ұқсата алмаған жергілікті жердегі құзырлы орындарда ма, әлде құжат, бағдарламалармен бағыт беріп отырған орында ма, саланы сүлесоқ еткен кедергілерді жоюдың жолдары бар ма деген мақсатпен осы саланың тәжірибелі маманы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «КаспийАгроАльянс» қоғамдық бірлестігі үйлестіру кеңесінің төрағасы Күзембай ЕРҒАЛИЕВТІ сөзге тартқан едік.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2018
Астанада цифрландыру жоспары таныстырылды
Сыртқы істер министрлігі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау аясында екі жоба жүзеге асырмақ. Сол арқылы дипломатиялық қызмет үшін бірыңғай ақпараттық жүйе құрылып, e-residence жобасы іске қосылады.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2018
Елімізде президенттік басқару институтының құрылғанына 28 жыл толды
Өткен ғасырдың 90-жылдарына қарай Кеңес Одағының тоқырауға ұшырап, құр сүлдесі қалған кезі болатын. Ондаған жылдар бойы коммунистік партияның билік құрған дәурені аяқталып, ел өмірінің барлық саласы құлдырап, әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай шектен тыс шиеленісіп кетті. Алайда билік жүйесінде сол кезеңде қалыптасып, қатып-семіп қалған әкімшілдік-әміршілдік жүйе, оның қасаң ұстанымдары мен басқару механизмдері орталық биліктің саясатының тиімділігін төмендетіп, КСРО-ны экономикалық, әлеуметтік және саяси қайта құрудағы қателіктерге ұрындырды.