Экономика • 01 Сәуір, 2019
«Қазавтожол» жол бойы бизнесін дамытуға инвесторларды шақырады
Жолы бойындағы бизнес көздерін дамыту мақсатында 41 кешен салынатын болады. «Қазавтожол» ұлттық компаниясы инвесторларды осы мақсаттағы әріптестікке шақырып отыр. Бизнес өкілдеріне жол бойы нысандары инфраструктурасын орналастыру үшін арнайы алаңдар бөлінетін болады. Жол бойы бизнесін дамытуда жанармай бекеттерін, қонақ үйлер, кафелер, көлік жуатын орындар мен техникалық қызмет көрсету орталықтары, демалыс орындарын дамыту көзделген.
Экономика • 01 Сәуір, 2019
«Қазақмыс» Оңтүстік Корея госпиталімен меморандумға қол қойды
Ендігі кезекте Жезқазған дәрігерлері бағдарламаға сәйкес Енсе университетінің мамандары кеңес беріп, үйрететін болады. Үш жақты келісімшартқа «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, Енсе университетінің «Северанс» госпиталі, «Severance-KZ халықаралық медициналық қоры» қоғамдық қоры қол қойған.
Спорт • 01 Сәуір, 2019
Ironman 70.3 Astana жарысы әлемдегі үздік жарыс атанды
Қазақстанда тұңғыш рет өткізілген триатлон бойынша IRONMAN 70.3 ASTANA жарысы «Best New Events» 2018 санатындағы «Global athlete satisfaction award» марапатына ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2019
Қарағанды облысында «қарапайым заттар экономикасы» аймақтық жобалау кеңсесі іске қосылды
Аталған кеңсе аймақтық Кәсіпкерлер палатасының базасында құрылған. Кеңсе басым жобаларды жеңілдетілген пайызбен несиелеу бағдарламасының жұмысын мониторингтен өткізуді көздейді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 01 Сәуір, 2019
Сүлейман Демирел университетінде пікір-сайыс турнирі өтті
Сүлейман Демирел атындағы университетінде ХVIІ республикалық пікір-сайыс турнирі өтті.