Аймақтар • 03 Сәуір, 2022
Үш ауданда төтенше жағдай жарияланды
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе, Шыңғырлау және Бөрлі аудандарында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Қар суының күрт еруінен облыстың бірнеше ауданында ауылдар суға кетті.Көктемгі су тасқынына байланысты Батыс Қазақстан облысының бірнеше ауданында күрделі жағдай қалыптасып, 3 сәуірдің түс кезіндегі мәлімет бойынша, 200-ден астам үйді су алғаны белгілі болды. Қазір облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жанынан жедел штаб құрылып, қалыптасқан жағдайдың алдын алуға әрекет жасалып жатыр.
Әдебиет • 03 Сәуір, 2022
Өткен жылдың соңғы айларының бірінде қарасөзден кесте тіккен талантты жазушы Жанат Ахмади ағамыз тұрған үйдің қабырғасына жазушының құрметіне ескерткіш тақта ілінді. Біраз адам жиналдық. Сол кезде сөз алған, жазушыларға жақын жүрген бір қонақ: «Осыдан біраз бұрын бір танымал ақынды бақилық сапарға Жазушылар одағынан шығарып салдық. Ақын, жазушылар аз келді. Келгендердің киімін көрсең, қалай болса, солай киінген. Жаның ашиды. Ұят емес пе? «Жазушы», «ақын» деген дардай атақтары бар. Бомждар сияқты жадап-жүдеген...» дегендей сөздер айтты.
Әдебиет • 03 Сәуір, 2022
Таланттарды заман тудырады деген тұжырымның өмірге келгеніне де бірнеше ғасыр болды, әрине, осы сөздің түп төркіні тым арыда жатқаны шындық. Мағжанша айтқанда «Толқыннан толқын туып» қазіргі әдебиет сансыз таланттардың шығармашылығымен толықты. Олардың селдей шабыты заманның ағысына, уақыттың сынына дөп келді. Қай заман үшін таланттың қадірін талантты адамдар ғана мойындаған. Сол үшін де олар бір-біріне жуық жүрді, үндес, сырлас бола білді. Біз аңыз қылып айтып жүрген кешегі «Жоғалған ұрпақ» өкілдері, міне, осы сөзіміздің айғағы. Ал бүгін біз қазақ әдебиетіндегі таланттылардың бір-бірін бағалау, анығырақ айтқанда, аға буынның соңынан ерген буынға көз қырын салуы туралы сөйлемекпіз.
Әдебиет • 03 Сәуір, 2022
Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Мұқағали туралы кинофильм түсіру көрнекті кинорежиссер Болат Қалымбетовтің пешенесіне бұйырған екен.
Тарих • 03 Сәуір, 2022
Тарихи тұлғаларды қорғаймыз ба, әлде?..
Тарихи тұлғаларға деген құрметтің жөні бөлек болуы керек. Қазақ халқының маңдайына біткен біртуар тұлғалары да тиісінше ардақталуы тиіс. Бірақ өкінішке қарай бізде керісінше болып тұр.