Аймақтар • 04 Сәуір, 2022
Жуырда газетімізде «Шолақсор тағы су астында қалуы ықтимал» деген тақырыппен мақала жарияланған еді. Біздің мақсатымыз – әлдекімді қаралау емес, апаттың алдын алу үшін дер кезінде әрекет етуге шақыру болатын. Айтып ауыз жиғанша болған жоқ, өңірде еріген қардың салдарынан бірнеше үй су астында қалды.
Қоғам • 04 Сәуір, 2022
Көпшілік көгілдір отынды әлі күтіп отыр
Жамбыл өңірінде қазіргі таңда көптеген ауыл мемлекет қолдауының нәтижесінде көгілдір отынның игілігін көріп келеді. Тіпті бірқатар аудан орталықтарына газ тоқсаныншы жылдары-ақ тартылған екен. Егемендіктің отыз жылында да талай ауылдың газ мәселесі шешілді. Дегенмен әлі күнге дейін газ мәселесі күрделі күйінде қалып келе жатқан ауылдар да жетерлік. Аймақта әкімдер халық алдында есеп бергенде де осы бір күрделі мәселе тұрғындар тарапынан жыл сайын көтеріледі.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2022
Степное мен Ушаново ауылдары Өскеменнің іргесінде жатқанымен, өркениет көшінен қалыс қалған. Глубокое ауданына қарасты бұл ауылдарда шешімі табылмай келе жатқан мәселелер аз емес. Ең негізгі проблемалары – ауыз су. Кәдімгі қара суға жарымай отырған тұрғындардың қақпаған есіктері, хат жолдамаған мекемелері қалмаған. Соның өзінде мәселе уәде күйінде қалып келеді.
Әлем • 04 Сәуір, 2022
Қазақстан – ЕО ынтымақтастығы нығая түседі
«Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» ынтымақтастық комитетінің 19-шы отырысы өтті. Кездесуге Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко қатысты.
Әлем • 04 Сәуір, 2022
Вакциналау – вирусқа қарсы күшті иммунитет
Еуропа елдері коронавирусты маусымдық тұмау секілді індеттерге теңеп, елдегі қауіпсіздік шараларын айтарлықтай жеңілдете бастады.