Туризм • 28 Сәуір, 2021
Теңіз курортын дамытудың іргелі жобалары жүзеге асуда
Кейінгі жылдары өңір ғана емес, ел әлеуметтік-экономикалық дамуының жетекші салаларының бірі болатын туризмді түлету үшін теңіз жағасындағы Ақтау қаласын заман талабына сай жаңғырту күн тәртібіне шықты. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы тамыздағы «Ақтау қазіргі заманғы теңіз курортына айналуы тиіс» деген тапсырмасынан кейін Үкімет басшысының қолдауымен аталған мәселеге 17 млрд теңге қаржы бөлініп, жұмыстың бірінші кезеңі жүргізілді.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2021
Бір жылқы ұрлап, бес жылға сотталды
Қазақ «Мал-жан аман ба?» деп амандасады. Алдымен малды сұрауында мән бар. Ықылым заманнан бері Алаш баласының тіршілігі төрт түлігіне байланысты. Бүгінгі таңда да ауыл тұрғындарының дені азын-аулақ малымен күн көріп отырғандығы белгілі. Ал оны оңай олжа көріп ұрлау – күнәнің ең үлкені. Демек қазақылықпен кеңшілік жасап, кешірмеу керек. Сонда ғана ұрының өрісі тарылады.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2021
Шағын қазандықтың буы – шаңырақтың жылуы
Алматы облысында шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы көп пәтерлі үйлерді жылумен қамту мәселесі оң шешімін тауып жатыр. Бұл өз кезегінде тұрғындардың әлеуметтік жағдайын оңалтуға да ықпал етуде. Мәселен, бұған дейін бесінші қабаттағы баспананың балконынан мұржа шығарып, пешке от жағып келген адамдар орталық жылу жүйесінің іске қосылғанына дән риза. Ал бұл нәтижелі жұмыс аймақта жекелеген тұрғын үйлерге блокты-модульді қазандықтар орнату бастамасынан кейін жүзеге асырылды.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2021
Бүгінде Жетісу жерінің кең жайлауына 4 млн басқа жуық қой жайылымға өріп шығады екен. Ал тұяқты малдың ішіндегі саулықтың саны 1 915,6 мың бастың шамасында көрінеді. Яғни қазіргі сәтте аймақта қой төлдеп, сақман науқанының қызған шағы өтіп жатыр.
Руханият • 28 Сәуір, 2021
«Өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз болашақ жоқ» деген ұлағатты сөзді ұран еткен жетісулық ағайын тарихта ізі қалған тұлғаларға тағзым етуді қасиетті парыз санайды. Әсіресе, жаугершілік заманда елге пана болып, жер қорғаған батыр бабалардың атын дәріптеп, ерлігін ұрпаққа үлгі ету жолында бірқатар іс атқарылуда.