Басылым • 02 Сәуір, 2023
Басқа басылымдардан: Қазақстанда жаңа премьер-министр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңсесі хабарлағандай, Қазақстандағы жетекші партия «Amanat» өткен аптада Әлихан Смайыловты Премьер-министр лауазымына ұсынды.
Форум • 02 Сәуір, 2023
Достық диалогі: Қытаймен арадағы сауда-саттық құны – 565 млн доллар
Қазақстан Қытайға мұздатылған ет пен балық өнімдерін, құс, жылқы, шошқа еті мен қосалқы өнімдерді, жұмыртқа және тауарлардың басқа да түрлерін жеткізуге әзір. Мұны ел үкіметі ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ҚКП Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы партия комитетінің хатшысы Ма Синжуйдің Қазақстанға ресми сапары аясында Алматыда өткен Қазақстан мен Қытай шекара ынтымақтастығының 2-Достық диалогінде мәлімдеді.
Ғалым • 02 Сәуір, 2023
Сенесіз бе, әлемде 40 миллионға тарта көру қабілеті нашар адам өмір сүреді. Ал елімізде 160 мыңға жуық жанары қараңғы жан бар. Олардың бәрі қоғамның көмегіне зәру. Бүгінде ғалымдар бұл мәселені шешу үшін технологияға жүгінуге мәжбүр. Бұл ретте біздің өнертапқыштар да қарап отырған жоқ. Мәселен, жетісулық жас ғалымдар автономды көзілдірік ойлап тапты.
Технология • 02 Сәуір, 2023
Биыл Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде алғаш рет әртүрлі форматтағы 3D принтерін құрастыратын шағын өндіріс ашылады. Технологияны құрылыс және басқа да өнеркәсіпте қолдануға болады. Өндірістің жылдық қуаты 300 принтер деп жоспарланған.
Қоғам • 02 Сәуір, 2023
Елордада «Аutism Talks» іс-шарасы өтті
Бүгін елордада аутизмге шалдыққан балалардың ата-аналарына арналған «Аutism Talks» шарасы өтті. Оған аталған дертке шалдыққан бүлдіршіндердің 200-ден астам ата-анасы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.