Аймақтар • 01 Сәуір, 2025
2003 жылғы зілзала құландықтардың жадынан өшпесе керек. 28 наурыз күні түн жарымында болған жер сілкінісі Меркі, Тұрар Рысқұлов, Қордай, Мойынқұм аудандары мен Тараз, Шу қаласы аумағына дейін жетсе де, меркіліктер мен құландықтар кәдімгідей даурығып кетті. Себебі жер дүмпуінің жоғары қарқыны аталған екі ауданда тіркеліп, халықты қатты әбігерге түсірді.
Күрес • 01 Сәуір, 2025
Балуандарға бұйырғаны – қос алтын
Иорданияның астанасы – Амманда күрес түрлерінен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Сары құрлықтың басты додасы сарапқа салынған 30 бас жүлденің екеуі ғана еліміздің ұлттық құрамасы балуандарына бұйырды. Бұрымдылар арасында Жәмила Бақбергенова теңдессіз деп танылса, еркін күресте Нұрқожа Қайпановтың шоқтығы биік болды.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2025
Өңірде тасқын су қауіп төндіріп тұрған елді мекендерден мал басын алдын ала эвакуациялау жүріп жатыр. Апат айтып келмейді, былтыр көктемде төтеннен келген телегей су талай малды жалмап кеткені белгілі. Өткен күннің ащы сабағы биыл Төтенше жағдай қызметі мен жергілікті атқарушы билік өкілдерін ертерек қамдануға мәжбүрлеп отыр.
Су тасқыны • 01 Сәуір, 2025
Жем өзенімен Атырау облысындағы Жылыой ауданының аумағына су келе бастады. Судың қатты ағысы өзеннің жағалауындағы топырақты, бетон плиталарды құлатып жатыр.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2025
Көктем шыға айналаны күл-қоқыстан тазартып, ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары қызу басталып кетті.