Тұлға • 01 Сәуір, 2025
Нұрғиса: Біртуар өнер тұлғасы өмірінің белгісіз беттері
Куә бол, айым… Бұл әңгімені жазуға талай рет оқталдым. Отырып та көрдім, ақ қағаз бен қара қаламды әурелеп те көрдім. Бірақ ештеңе өнбеді. Таңғалдым. Неліктен? Нұрғиса ағамен он сегіз жыл бойы араласқан едім. Күндіз-түні десе де болғандай. Мен білмейтін сыры қалмаған сияқты еді. Менсіз дастарқан басына отырмайтын. Шақырып алатын немесе өзі келетін.
Тұлға • 01 Сәуір, 2025
Әйгілі сатирик-ақын, Президент сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының, Отырар ауданының құрметті азаматы Көпен Әмірбек арамызда жүргенде 75 жасқа толар еді...
Қоғам • 01 Сәуір, 2025
Адам – күлетін де, күлкі шақыра алатын да бірден-бір жаратылыс. Ал күлкінің әзіл, мысқыл, әжуа, кекесін, оспақ, қағытпа, сықақ, қалжың, келеке, келемеж, мазақ, мұқату секілді толып жатқан реңктері бар. Бұлардың бәрі де күлкінің түрлері болғанымен, барлығы бірдей синоним сөздер емес. Теоретик-ғалым Т.Қожакеевше айтсақ, «Сатира, юморды әзіл-қалжыңмен, анекдотпен шатастырмау керек. Сатира, юмор – фактіні көре алатын, оны жинақтап, типтендіре білетін, болмыс-құбылыстардың әлеуметтік мәнін көркем де бейнелі тілмен ашып, суреттеп беретін әдебиет саласы». Сондықтан сатираның бәрі күлкілі болғанымен, күлкі шақырғанның бәрі сатира емес.
Спорт • 01 Сәуір, 2025
Мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-тың Бостон қаласында жалауы желбіреген әлем чемпионатында еліміздің спортшысы Михаил Шайдоров тамаша өнер көрсетіп, күміс медальді мойнында жарқыратты.
Қоғам • 01 Сәуір, 2025
Әлем чемпионы әскерилермен кездесті
Бауыржан Момышұлы атындағы Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілері бокстан үш дүркін әлем чемпионы, Париж олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға құрмет көрсетті.