Ауа райы • 01 Сәуір, 2025
Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
«Қазгидромет» РМК 1 сәуір күні елімізде болатын ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 01 Сәуір, 2025
Сөзінің салмағы жоқ сарапшылар
Таяуда медицина ғылымынан кандидаттық диссертация қорғаған, өз саласында ортанқол маман, орта жастағы азаматтың әлеуметтік желідегі сирек металдар туралы жазбасына көзім түсті. Әрі қарай үңілсем, әскери тақырыпқа, әлемдегі саяси ахуалға қатысты пікірін жазған болыпты. Соны дүние емес, талай мәрте БАҚ арқылы да, ғылыми ортада да айтылған, талқыға түскен таптаурын әңгіме. Бәлкім, өз саласына қатысты кәсіби ойын білдірген болар деп қарап едім, таппадым. Жазсын, ой қозғасын. Кең уақыт, әркімнің «өз сөзі өзінде» болған заман ғой.
Қоғам • 01 Сәуір, 2025
Былтыр 1 наурыздан бастап еліміз бірыңғай уақыт белдеуіне көшкені мәлім. Нәтижесінде, қолданатын уақытымыз еліміздің батыс өңірлерімен, сондай-ақ көршілес Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттерімен теңестірілді. Бірақ Үкіметтің бұл шешімін көпшілік қолдағанымен, оған қарсы шыққандар қарасы да аз болған жоқ. Алматы қаласының тұрғыны жариялаған петицияға бір жарым ай ішінде 50 мың адам қол қойғаны – соның айғағы.
Қаржы • 01 Сәуір, 2025
Шетел ықпалын азайта аламыз ба?
Отандық қаржы нарығында жаңа тәртіп орнамақ. Рейтинг агенттіктерінің қызметін реттейтін заң жобасы олардың жұмысын жүйелеп, ашықтық пен әділдік орнатуды көздейді. Бұл өзгеріс тәуелсіз бағалау жүйесін нығайтып, кәсіп иелерінің қор нарығы арқылы қаржы тартуын оңайлатпақ. Десе де, құжаттың қалай жүзеге асатыны мен оның нақты әсері уақыт еншісінде.
Өнім • 01 Сәуір, 2025
Сұранысқа ие «Камертон» ірімшіктері
Елімізде сүт өнімдерін дайындайтын компаниялар өнімнің жүздеген түрін шығарып, ішкі нарықтағы үлесін арттыра бастады. Солардың бірі – сүт ірімшігін шығаратын «Камертон» компаниясы.