Қазақстан • 03 Сәуір, 2023
Тілді дамытуға соны серпін қажет
Мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуді зор мақсат тұтқанымызға да отыз жылдан асты. Тіл саясатының жүзеге асырылуына әрдайым назар аударып отыру, сол арқылы уақыт ағымына сай туындайтын жаңа мүмкіндікті айқындау оның мәртебесін, қолдану аясын кеңейтері сөзсіз. Тілші-ғалымдар, жалпы тіл жанашырлары күн тәртібінен түспейтін осы ортақ мәселеге байланысты ой-пікірлерімен бөліскен еді. Осыған орай мемлекеттік тілдің қазіргі жай-күйі мен оны дамыту турасында бірқатар тіл жанашырының дөңгелек үстелде ортаға салған ой-пікірін ұсынуды жөн санадық.
Әлем • 03 Сәуір, 2023
Бұрынғы АҚШ президенті Дональд Трамптың басы дауға қалды. Оған порноактриса Сторми Дэниэлске өзара қарым-қатынасын жасыру үшін ақша төлеген деп айып тағылып отыр. Осыған байланысты туындаған дау-дамай мұхиттың арғы бетін ғана емес, бүкіл әлемді дүр сілкінтті.
Ғылым • 03 Сәуір, 2023
Ғылым академиясы: мәртебесі мен маңызы
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясын Президент жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды. Ондағы мақсат – Ұлттық ғылым академиясының мәртебесін арттыру. Ғылыми қауымдастық жаңашылдықты жылы қабылдады.
Әлем • 03 Сәуір, 2023
Turkiy adabiyot durdonalari – бұл түркі әдебиетінің жауһарлары деген сөз. Осындай атаумен Өзбекстанда жарық көрген 100 томдық антологияның 10 томы қазақ әдебиетіне арналған.
Тарих • 03 Сәуір, 2023
Әлішер Науаи және қазақ әдебиеті
Шығыстың ұлы шайырлары қазақ даласына ежелден мәлім болған. Көне араб әліпбиімен жазылған кітаптар, кезінде саудагерлер арқылы қазақ даласына көп тараған. Шығыс ақындарының әсерімен жазылған қазақтың лиро-эпостық дастандары да аз болмаған. «Қыз Жібек пен Төлеген», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырларының дүниеге келуіне шығыстың ұлы ақындарының әсері болуы әбден мүмкін.