Құқық • 30 Сәуір, 2023
«Өзенмұнайгаздың» өрескел қателіктері
Жаңаөзенге барған «ҚазМұнайГаз» компаниясының арнайы жұмыс тобы «Өзенмұнайгаз» бен басқа да мердігер компаниялардың тарапынан болған бірқатар кемшілікті анықтады. Сондай-ақ компания тарапынан сатып алу бойынша өткізілген тендерлердің де заңдылығы тексерілмек.
Мәселе • 30 Сәуір, 2023
Мәжілістегі бір топ павлодарлық депутат Шығыс Қазақстандағы су қоймаларынан Ертіс өзеніне босатылып жатқан судың баяулығына алаңдап отыр. Судың ағынын арттырмаса, Павлодар облысының өзен бойындағы жайылмалары тіршілік нәріне дер уақытында қанықпай қалуы мүмкін. Халық қалаулылары Экология және табиғи ресурстар министрлігінен мәселені шұғыл түрде назарға алуды сұрап отыр.
Қоғам • 30 Сәуір, 2023
Жақында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен Жастар саясаты жөніндегі кеңесте синтетикалық есірткі заттарының таралу проблемасына қатысты мәселе көтерілді.
Ғылым • 30 Сәуір, 2023
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында бірқатар заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оның ішінде ғылыми қызметкерлерге қосымша ақы төлеу мәселелері де қаралды.
Қоғам • 30 Сәуір, 2023
Қадау-қадау ғасырлардан бері сақталған халқымыздың рухани мұрасы атадан балаға жалғасып келеді. Қай дәуірде болсын, ұлтымыздың өзіне ғана тән салт-дәстүрі мен рухани қазынасы тәрбиелік маңызын жойғаны жоқ. Сол үшін де оны біз бүгінгі күнде арнайы ғылым ретінде зерттеп, ұрпақтар санасына сіңіруіміз – күн тәртібіндегі мәселенің бірі. Біз үшін салт-дәстүр байлық, сарқылмас мұра есебінде.